Қазақстанда борышкерлер мен банкрот болғандардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу ережесі өзгерді
Атап айтқанда, өзгеріс ережелердің атауына енгізілді, ал ережелердің өзі жаңа редакцияда жазылды.
Енді ол: «Борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы».
Ереже Мемлекеттік кірістер департаменттерінің бөлімшелері жүзеге асыратын борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізуді көздейді. Олардың қызметіне ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық жөніндегі міндеттер кіреді.
Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг соттан тыс немесе сот арқылы банкроттығы рәсімдерін қолдану туралы өтініш берілген күнге, мынадай көздерден:
- салық есептілігі нысандарынан (жеке табыс салығы бойынша (240.00-нысан), жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы (250.00-нысан) және жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы (270.00-нысан), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүлік пен мүліктік құқықтардың болуы бөлігінде декларацияларда);
- екінші деңгейдегі банктердің мәліметтерінен;
- тіркеуші мемлекеттік органдардың деректер базасынан (құзыреті шегінде);
- сот органдарының деректер базасынан алынған мүлік, оның ішінде ортақ бірлескен меншіктегі мүлік туралы ақпаратты зерделеу және талдау жолымен жүзеге асырылады.
Борышкердің қаржылық жағдайының мониторингі келесі ретпен 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі:
- 1-кезең – соттан тыс банкроттық қолданылған және (немесе) сот арқылы банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң;
- 2-кезең – соттан тыс банкроттық рәсімі және (немесе) сот арқылы банкроттығы рәсімі аяқталғанға дейін кемінде 20 (жиырма) күнтізбелік күн бұрын.
Сот арқылы банкроттығы рәсімін ұзарту кезінде борышкердің қаржылық жағдайына мониторингі ұзарту мерзімі ескеріле отырып жүргізіледі.
Кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында борышкердің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауы:
- мүліктің, оның ішінде шет мемлекеттерде тіркелген мүліктің болуы туралы ақпаратпен (салық есептілігі нысандарындағы мәліметтерге сәйкес (240.00, 250.00, 270.00 нысандары));
- банк шоттарында ақшаның болуы туралы мәліметтермен;
- «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған атқарушылық іс жүргізулерді қоспағанда, мүлікті, оның ішінде аяқталмаған атқарушылық іс жүргізулерді қайтару туралы борышкердің пайдасына орындалмаған сот шешімдерінің болуымен;
- тіркеуші мемлекеттік органның борышкерге мүлікті тіркеу туралы ақпаратымен расталады, оның ішінде:
– борышкердің мүлкіне және (немесе) активтеріне байланысты құқық белгілейтін құжаттарда (жылжымайтын мүлік, жер учаскесі, көлік, жарғылық капиталдағы үлесі);
– куәліктердің, лицензиялардың және рұқсат беру сипатындағы өзге де құжаттардың болуы туралы мәліметтер;
– мүліктің және (немесе) активтердің қозғалысы туралы мәліметтер (сатып алу-сату шарттары, сыйға тарту, кепіл, жалдау);
– зияткерлік меншік туралы мәліметтер (өнер туындылары, шығармашылық және ғылыми әзірлемелер, ноу-хау);
– бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар туралы мәліметтер.
Көрсетілген мерзімдерде МКД бөлімшесі:
- деректер мен құжаттарды жинауды жүзеге асырады;
- деректер мен ақпаратқа талдау жүргізеді;
- келесі құжаттардың бірін жасайды:
кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында борышкердің жеке мүддесінде жасаған іс-әрекеттері анықталған жағдайда – Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының нормаларын сақтай отырып, борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару белгілерінің болуы туралы қорытынды;
кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында борышкердің жеке мүддесі үшін жасаған әрекеттері белгіленбеген жағдайда – борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару белгілерінің жоқтығы туралы анықтама.
Құжаттар барлық жолдарды толтыра отырып және кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында борышкердің жеке мүддесі үшін іс әрекеттер жасау фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, 2 (екі) данада жасалады.
Қорытындыға және (немесе) Анықтамаға осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген мерзім аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 2 (екі) күн бұрын МКД қызметкері мен бөлімшесінің басшысы қол қояды.
Жасалған Қорытындылар және Анықтамалар туралы ақпарат Қорытындыда және Анықтамада берілген тіркеу нөмірлерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару белгілерінің болуы туралы Қорытындыларды және борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару белгілерінің болмауы туралы Анықтамаларды есепке алу журналына енгізіледі.
Қорытындының және Анықтаманың бір данасы МКД бөлімшесінің номенклатуралық істерінде сақталады, ал екінші данасы жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде борышкерге жіберіледі.
МКД бөлімшесі жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қорытындылар – рәсімді тоқтатады немесе міндеттемені тоқтатудан бас тартады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды.
Бұйрық 2024 жылғы 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.