Әскери жасақтың жедел әрекеті балалардың амандығын қамтамасыз етті
2025 жылғы 15 мамыр күні Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері патрульдік-бекеттік қызмет атқару барысында 3-4 жастағы ұл мен қыздың ересектердің қарауынсыз көшеде жүргені байқады.
Дәл сол сәтте қатардағы Апызов Ислам басқарған әскери жасақ өзінің серіктестері, қатардағы Берик Болат Және Джамалдинов Аршидин мен бірге балаларға бет алады. Олар дереу балалардың жағдайын анықтап, оқиғаны әскери топ бастығына баяндайды .
Оқиға орнына 10 минут ішінде патрульдік топ командирі, кіші сержант Скидан Дмитрий Александрович келіп жетіп, әскери жасақпен бірге балалардың ата-анасын ізди бастайды. Шамамен 15 минут өткен соң балалардың атасы табылып, әскери жасақ балаларды атасына табыстайды.
Балалардың атасы 5510 әскери бөлімінің басшылығына жедел және кәсіби әрекет үшін шын жүректен алғысын білдірді.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі