Заманауи технологиялар атом энергетикасының тиімді дамуына ықпал етеді

Просмотров: 16

Үшінші буыннан кейінгі ядролық реакторлар өздерінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді және бірқатар елдерде сәтті қолданылып келеді

Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қызылорда облысында жастармен және медицина қызметкерлерімен кездесті. Атом энергетикасының артықшылығы мен Қазақстандағы осы саланы дамытудың келешегі талқылаудың негізгі тақырыбы болды. Сенаторлар Қазақстанның ядролық энергетиканы дамытуға әлеуеті жеткілікті екені және уранның мол қоры мен білікті кадрлары бар екенін атап өтті. Сырттан келетін электр энергиясына тәуелділіктің арта түсуі және тарифтің көтерілуі тиімді атом энергиясының қажеттігін көрсетеді.

«Күн сайын жаңа пайдалы және озық технологиялық құрылғылар, оның ішінде автомобильдер мен ұялы телефондар жасалады. Атом электр стансалары да тұрақты жөндеуден өтіп отырады. Үшінші буыннан кейінгі ядролық реакторлар өздерінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді және бірқатар елдерде сәтті қолданылып келеді», – деді Наурызбай Байқадамов.

Руслан Рүстемов өз кезегінде құрылыс 5 жылдан 10 жылға дейін созылатыны және оның барысында көптеген жұмыс орындары ашылатыны, ол еліміздің әлеуетін едәуір арттыратынын атап өтті. Парламентшілер сондай-ақ Алматыдағы Ядролық физика институтының жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті және оның маңызды ғылыми жаңалықтары туралы айтып берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған