Қарағанды ​​облысында кинологтардың көмегімен 174 қылмыс ашылды

Просмотров: 13
Жыл басынан бері Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің қатысуымен 174 қылмыс ашылды.

«Қызметтік-іздестіру иттері 940 рет пайдаланылды. Олардың көмегімен бес келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Сондай-ақ қызметтік иттер бөтеннің мүлкін ұрлаудың 71 фактісін ашуға көмектесті», – дейді кинологиялық қызмет көрсету орталығының басшысы Айдар Абдрасилов.

Ал із-түзсіз жоғалғандарды іздеуде қызметтік-іздестіру иттерінің қосқан үлесі зор. Мәселен, 24 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, ол 30 минут бұрын 83 жастағы әжесі жоғалып кеткенін хабарлады.

Зейнеткер пәтерден шығып, жоғалып кеткен. Белгілі болғандай, егде жастағы әйел деменциямен ауырады. Оқиға туралы полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, патрульдік нарядтар бағдарланды. Жоғалған зейнеткерді іздеуге кинологиялық қызметтің қызметкерлері қатысты. Төрт аяқты көмекші бірден үйдің кіреберісінен із қалдырды, көп ұзамай полицейлер жаяу жүргіншілер жолында жатқан егде әйелді көреді. Қызметкерлер оған алғашқы көмек көрсетіп, кейін туыстарын шақырған.

«Әжемді тез тауып алған патрульдік полиция қызметкерлері мен кинологиялық қызметке шынайы алғысымды білдіргім келеді. Оларға көп рахмет», –деп Евгения зейнеткердің немересі рахметін айтты.

26 қыркүйекте Қарағанды қаласының ПБ орталық полиция бөліміне 10 жасар баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бала сағат 13:00 шамасында туыстарына ескертпей, үйден шығып кетіп, өзі туралы хабар бермеген.

Абырой болғанда кешке қарай ол қаланың скверлерінің бірінде серуендеп жүргенде табылған. Бұл қызметтік-іздестіру итінің маңызды рөлі қандай екендініне тағы бір айғақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған