Қарағанды облысында полицейлер хабар-ошарсыз жоғалған тұрғынды іздеп тапты
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторлары елдімекендердің бірінде құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізу кезінде, көшелердің бірінде жүрген бейтаныс адамға назарлары ауды.
Тексеру барысында оның осы жылдың басынан бері хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде іздеуде жүрген Қарағанды қаласының 47 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.
Қаңтар айында жоғалып кеткен азаматтың туыстары оны іздеу туралы әлеуметтік желіде хабарлама таратқан.
Ер адамның айтуынша, ол осы 10 айдың ішінде өңірдегі аудандардың бірінде тұрған, ал жақында Бұқар жырау ауданына келген.
Оның үстіне ол өзінің тұрған жері, жүріс-тұрысы туралы туыстарын хабардар етпеген. Қазіргі уақытта табылған азамат іздестіру орны – Қарағанды қаласына жіберілді.