Құстар үшін қауіпсіз қала

Просмотров: 24

Жаһан бойынша мыңдаған құстың түрі қорғауға алынған. Қазақстанда 500-ге жетеді. Бүркіт, сұңқар, қоқиқаз, бірқазан сынды сирек кездесетін құстарды аулауға рұқсат жоқ. Жазасы да қатаң. Бірақ, құсты қорғауда бірде-бір мемлекет крескиллдіктерден асып түсе алмасы анық.

Крескилл – АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы қала. Бұл қаланың басшылығы барлық мысықтардың мойнына үш қоңырау тағуды міндеттеген. Яғни, құстар мысықтың келе жатқанын қоңыраулар дыбысының арқасында біліп отырады. Егер, мысығыңыздың мойнында қоңырау болмаса, айыппұл төлейсіз.

Сондай-ақ, қала заңы бойынша хайуанаттар бағындағы аңдарға темекі мен ішімдік ұсынуға болмайды. Қала басшылығы жануарлардың аталған жаман әдеттерге бой үйретіп алуынан қауіптенеді екен.

 Нұрқанат ҚАНАПИЯ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған