Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру тәртібі, шарттары және төлем мөлшері туралы ақпараттық хабарлама

Жаңартылды:

Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың назарына!

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру тәртібі, шарттары және төлем мөлшері туралы ақпараттық хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, «Қалқаман Нұрлыхан Қалқаманұлы» жеке кәсіпкері барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға 247media.kz ақпарат агенттігінің сайтында және Instagram парақшасында сайлауалды үгіт материалдарын ақылы негізде орналастыру тәртібі, шарттары және төлем мөлшері туралы хабарлайды.

Материалдарды орналастыру тәртібі мен шарттары

Сайлауалды үгіт материалдары 247media.kz ақпарат агенттігі сайтының жаңалықтар жолағында, сондай-ақ агенттіктің Instagram парақшасында жарияланады.

Материалдарды орналастыру сайлауалды үгіт материалдарын жариялау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Жариялау алаңы, материалдардың көлемі, саны және жариялану мерзімдері шартта белгіленеді.

Материалдарды жариялау кезектілігі редакцияға жазбаша өтінімдердің келіп түсу ретіне қарай айқындалады. Бірнеше кандидаттан өтінімдер бір мезгілде келіп түскен жағдайда, жариялау кезектілігі кандидаттардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жеребе арқылы анықталады.

Материалдарды ұсыну талаптары

Сайлауалды үгіт материалдары редакцияға жоспарланған жарияланым күнінен кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын дайын мәтін және оған қоса берілетін фото немесе графикалық материалдар түрінде ұсынылады.

Материалдар электрондық нұсқада және әрбір парағына кандидаттың немесе оның сенім білдірілген адамының қолы қойылған баспа нұсқасында беріледі.

Жариялауға арналған жазбаша өтінімде:

  • материал жарияланатын алаң — 247media.kz сайты және/немесе агенттіктің Instagram парақшасы;
  • жариялаудың жоспарланған мерзімі;
  • төлем жасау мерзімі;
  • материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар туралы мәліметтер;
  • қаржыландыру көзі;
  • материалды ұсынған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілуі тиіс.

Сайлауалды үгіт материалдарында қаржыландыру көзі туралы ақпарат міндетті түрде көрсетіледі.

Төлем мөлшері мен тәртібі

247media.kz ақпарат агенттігі сайтының жаңалықтар жолағында сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру құны мәтіннің әрбір символы үшін 25 (жиырма бес) теңгені құрайды.

247media.kz ақпарат агенттігінің Instagram парақшасында сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру құны 1 (бір) пост үшін 5 000 (бес мың) теңгені құрайды.

Сайтта және Instagram парақшасында жариялау ақысы әрқайсысы үшін бөлек есептеледі. Төлем жасау мерзімі мен тәртібі жазбаша шартта белгіленеді.

Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келмейтін материалдар жариялауға қабылданбайды.

«Қалқаман Нұрлыхан Қалқаманұлы» ЖК
247media.kz ақпарат агенттігі

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Осы тақырыпта