Теміртаулық ұландықтар өз дауыстарын берді

Просмотров: 42

     Бүгінде еліміздің барлық аумағында өтіп жатқан жалпыұлттық референдумде Теміртаулық ұландықтар алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Таңғы 6:00 де 5516 әскери бөлім базасында орналасқан 363  дауыс беру учаскесінде ең алғашқы болып өз дауысын әскери бөлім командирі және отан алдындағы борыштарын атқарып жүрген сарбаздар берді.

  • Әскери бөлім аумағында орналасқан 363 дауыс беру учаскесінде дауыс беру таңғы 6:00 ден басталып кетті. Қазіргі таңда отан қорғаушылар, қарқынды түрде өз дауыстарын беруде. Сонымен қатар, аталмыш учаскіде дауыс беру тәртібі барлық ережелерге сай өткізіліп отыр. Әрбір әскери қызметкер бұл референдумның маңызын түсініп мемлекеттік маңызы бар мәселеге қатысты өз дауыстарын беруде- деп атап өтті 5516 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Бахтияр Болтуруков.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде арнайы дауыс беру учаскілері жұмыс жасап тұр. Аталмыш учаскілерде мерзімдік әскери қызметкерлер мен офицерлер дауыс беруде.

 

 

ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған