Қостанайда ең алғаш болып әскери қызметкерлер дауыс берді

Просмотров: 46

Ағымдағы жылдың 6 қазан күні еліміздің тарихындағы айтулы күндердің бірі атом электр станциясын салуға бағытталған жалпыхалықтық референдум басталды.

Еліміздің барлық аумағында болып жатқан бұл референдумде ең алғашқы болып әскери қызметкерлер дауыс беруде. Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлім базасында орналасқан  сайлау учаскесі таңғы 6:00 ден бастап өз жұмыстарын атқаруда. Қазіргі таңда, аталмыш учаскіде отан алдындағы борышын қорғап жүрген ұландықтар, референдумге қатысып, өз таңдауларын жасады. Учаскеде дауыс беруге және дауыс берушілердің еркін таңдауына барлық мүмкіндік жасалынған. Сондай-ақ, учаскіде ең алғашқы болып дауыс берген отан қорғаушыларға әскери бөлім басшылығынан арнайы сыйлықтарды табысталды.

 

 

                                                                                                                                                                                         ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған