Қарағанды облысында «Қазақмыстың» екі қызметкері қайтыс болды

Просмотров: 23

Қайғылы оқиға Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында болған, деп хабарлайды ақпарат агенттігі.

Компания мәліметінше, шахтада көміртегі газы бөлінген.

Барлық жұмысшылар жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, екі жұмысшы қайтыс болды. «Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмек көрсетіледі, – делінген мәліметте.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған