Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Просмотров: 26
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының жаңа әкімін тағайындады. Бұл қызметке Дастан Рыспеков лайықты деп танылды, деп хабарлайды 247media.kz

Тиісті құжатты Ақорданың баспасөз қызметі 2024 жылғы 9 қазанда жариялады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған ресми құжатта.

Рыспеков Дастан 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2016-2018 жылдары — «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – бас бухгалтері.

2018-2019 жылдары — Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы.

2019 жылдың сәуір айынан бастап «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған