Қалада кеміргіштермен күрес шаралары жалғасуда. Қазіргі уақытта қоқыс контейнерлері орналасқан алаңдарда дератизациялық өңдеудің екінші кезеңі жүргізілуде.
Биыл 303 қоқыс алаңын өңдеу жоспарланған. Жалпы 8 кезеңдік өңдеу жұмысы қарастырылған.
Жұмыстарды дезинфектор мамандар жүргізеді. Өңдеуден кейін аумақтарға тұрақты мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда қайталама өңдеу жұмыстары ұйымдастырылады.
Тұрғындарға дератизациялық жемдерге қол тигізбеу, оларды орнынан алмау және қоқысқа тастамау керектігін ескертеміз.
Сондай-ақ аумақтың тазалығын сақтап, тамақ қалдықтарының жиналуына жол бермеу маңызды. Себебі бұл кеміргіштердің пайда болуы мен көбеюіне қолайлы жағдай туғызады.

