Сақ болыңыз! Алаяқтар «Халық заңгері» республикалық акциясының атын жамылуда
Жасанды интеллект көмегімен жасалған видеолар мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылады. Ол аңғал азаматтарды сілтемені басуға және маманмен байланысуда алаяқтарға шығу үшін бөлісіледі. Бұл ретте бірнеше видео роликтерден кесіп алынған суретке жалған дыбыстық хабарлама қойылады.
«Төмендегі сілтеме арқылы біздің сайтқа өтіп, өтініш қалдырыңыз және заңгерден тегін кеңес алыңыз», – деп шақырады қаскөйлер өзгелерді.
Бұл ақпарат жалған және қауіпті. Ешбір жағдайда күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, сақ болыңыз!
«Халық заңгері» кең ауқымды республикалық акциясы тек офлайн режимде өтетінін баса айтамыз.
Ұйымдастырушылар «Халық заңгері» республикалық акциясы аясындағы барлық кеңес тегін көрсетілетінін және алда да солай болатынын бірнеше рет атап өтті. Бұл – азаматтық қоғамды дамытуға, заң көмегін көрсетуге және қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға қосқан үлес.
Іс-шара ҚР Үкіметінің қолдауымен өтуде. Ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, 247media.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Жыл сайын ауқымды акцияны өткізу кезінде кез келген адам сапалы заң көмегін алуға немесе мемлекеттік органдардың өкілдеріне өзін мазалаған сұрақпен тікелей жүгіне алады. Акцияға кәсіби заңгерлерден басқа тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі қызметкерлер, Әділет, көші-қон полициясы, ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың өкілдері тартылған.
Биыл «Халық заңгері-2024» республикалық акциясы Қазақстанның барлық қаласы мен елдімекендерінде өтті. Кең ауқымды акция барысында 150 мыңнан астам азамат жоғары білікті мамандардан тегін құқықтық көмек алды.