Балқаштағы көпсалалы аурухана дәрігерлері жұмысын QR-код арқылы бағалауға болады

Просмотров: 25

Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасында жаңашылдық енгізілді. Пациенттер QR-код арқылы дәрігердің қабылдауын бағалай алады, маманға шағымдана алады немесе ризашылық білдіре алады, медициналық мекеменің басшылығына ескертумен немесе ұсыныспен жүгіне алады.

«Сіздердің ұсыныстарыңыз, шағымдарыңыз бен ризашылықтарыңыз біз үшін өте маңызды. Енді сіздер өз пікірлеріңізді QR код арқылы оңай және жылдам жібере аласыздар. Бұл механизм бізге көрсетілетін қызметтерді жедел бағалауға және жетілдіруге көмектеседі», – делінген хабарламада.

Медициналық көмектің сапасын арттыру – басым міндеттердің бірі, деп атап өтті ауруханада.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған