Қазақстандық сайттардың интернет-казино мен шетелдік букмекерлік кеңселерге қатысы бар-жоғы тексеріледі

Просмотров: 31
Туризм министрі 2024 жылғы 15 қазандағы бұйрықпен интернет-казино, шетелдік букмекерлік кеңселер мен лицензиясыз тотализаторлар белгілерінің болуына интернет-ресурстардың мазмұнын жүйелі түрде жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды 247media.kz

Ережеге сәйкес, интернет-казино заңсыз қызметін анықтау мақсатында уәкілетті орган интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардан алынатын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілері бар интернет-ресурстар туралы мәліметтер бойынша интернет-ресурстардың мазмұны туралы ақпаратты жүйелі түрде жинауды жүзеге асырады.

Жүйелі түрде жинау келесі кезеңдерді қамтиды:

  • интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерін анықтау;
  • анықталған интернет-казиноларды, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторларды тіркеу.

Интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерін анықтау нақты уақыт режимінде Интернет желісі арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын интернет-ресурстарды іздеу және қарау, сондай-ақ мерчент ID белгілеу жолымен жүзеге асырылады.

Анықталған интернет-казиноны, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және тотализаторларды, интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және тотализаторлар белгілері бар интернет-ресурстар тізбесіне интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және тотализаторлар белгілері бар интернет-ресурстар туралы негізгі деректерді енгізу арқылы жүргізіледі.

Уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбені жүргізеді және оны интернет-ресурс туралы негізгі деректерді тіркеу арқылы жаңартылуына қарай өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

Тізбеге мынадай деректер енгізіледі:

  • Бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты (интернет -ресурстың IP -мекенжайы)
  • Интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлардың анықталған белгілерінің сипаттамасы
  • Интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлардың белгілері бар интернет — ресурсты анықталған күні
  • Мерчент ID деректері (анықталған жағдайда): атауы; бизнес-сәйкестендiру нөмiрi.
  • электрондық ақша эмитенті (анықталған жағдайда);
  • электрондық ақша операторы;
  • чек нөмірі;
  • төлем жүргізу күні мен уақыты;
  • төлем әдісі (банк картасынан, абоненттің ұялы телефонының балансынан, электрондық әмияннан).

Жүйелі түрде жинау нәтижелері бойынша уәкілетті орган жиналған ақпарат негізінде интернет-ресурстардың мазмұнына интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асырады және мынадай мақсаттарда пайдаланылатын талдамалық ақпаратты қалыптастырады:

  • интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілері бар интернет-ресурстар санының ұлғаю немесе азаю серпінін қадағалау;
  • интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру;
  • Қазақстан Республикасының аумағында интернет-казино, ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар қызметінің жолын кесу жөніндегі шараларды дайындау.

Ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдау нәтижелері бойынша анықталған интернет-казино сілтемелері бойынша уәкілетті орган, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар бойынша мәліметтерді ақпарат саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының аумағында оларға қолжетімділікті шектеу жөнінде шаралар қабылдау үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне жүктейді.

Бұйрық 2024 жылғы 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған