Қазақстан палуаны Албанияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында алтынға таласады
Қазақстандық балуан Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Тиранда (Албания) өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды 247media.kz
Грек-рим күресінің жартылай финалында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Ресей палуаны Садық Лалаевпен кездесті. Ержет мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Ертең, 29 қазанда ол финалда алтын медальға таласады. Оның қарсыласы әзірбайжандық Нихат Маммадали болмақ.
Бұған дейін еркін күрестен Қазақстан командасының өкілі Ризабек Айтмұхан 27 қазанда Тиранда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.