Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекара сызығын белгілеуге байланысты мәселелерді талқылады

Просмотров: 20
Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз қырық үшінші отырысы өтті. Бұл туралы 2024 жылғы 4 қарашада ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды 247media.kz

Кездесудің Алматыда 2024 жылғы 28 қазан — 1 қараша аралғында өткендігі белгілі болды.

«Тараптар мемлекеттік шекара сызығының әртүрлі учаскелерінде оны белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады, демаркациялаудың қорытынды құжаттарының тиісті жобаларын, сондай-ақ 2025 жылға арналған Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясы жұмысының және камералдық жұмыстардың жоспар-кестелерін бекітті».

Комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы желтоқсан айында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.

Бұған дейін Бектенов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылағандығы хабарланған болатын. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған