Қазақстандық боксшылар Черногорияда өткен 2024 жылғы жастар чемпионатының медальдық есебінде жеңіске жетті

Просмотров: 16
Будвада (Черногория) 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлемдік біріншілік аяқталды. Жарыста Қазақстан құрамасы 17 медальды қанжығалады, деп хабарлайды 247media.kz

Әлем чемпионатының соңғы күні БудҰлдана Таубай (66 кг) жарыстың шешуші жекпе-жегінде Кайла Дойли Бирнге (Ирландия) есе жіберді.вадағы шаршы алаңға «алтын» үшін бақ сынасуға төрт қазақстандық спортшы шықты.

50 келіде Елянур Тұрғанова ирландиялық Карлаг Пикені жеңді. Бексұлтан Боранбек (51 кг) Муневар Морено Джастиннен (Колумбия) басым түсті. 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Онер Сейлхан ресейлік Алексей Гуковты ойсырата жеңді.

2 қарашада Черногория жарыстарының үздік боксшысы атанған Төрехан Сабырхан әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, дәл осы күні Санжарәлі Бегалиев пен Аружан Зейноллаева да «алтын» тұғырға көтерілді.

Осылайша қазақстандық боксшылар 6 алтын, бір күміс, 10 қола медальды қанжығаларына байлады.

Жарыстың қорытындысы бойынша, екінші орынды Өзбекстан және үздік үштікті ресейлік спортшылар тәмамдады.

Бұған дейін Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан Азия чемпионатында өнер көрсетіп, қола медаль иеленгені хабарланған болатын.

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған