Ұландық жауынгер әлем біріншілігінде топ жарды

Просмотров: 29

2024 жылдың 23-28 қазан аралығында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында спорттық самбдан әлем чемпионаты өткен болатын. 7 салмақ дәрежесі бойынша өткізілген бұл сайыста 13 мемлекеттен келен 400 ден аса спортшы қатысты.

  • Тәжікстанның самбо федерациясы барлық қатысушыларды құшақ жая қарсы алды. Спортшылар бұл сайыста өте жақсы нәтижелер көрсетті. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан елінен келген спортшылар бұл жарыста өздерін үздік деп таныта білді. – деп атап өтті халықаралық самбо федерациясының вице призендті Рудольф Бабаян.

Атап өтер жайт сайысқа қатысқан 400 спортшы арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметкері Ержан Қоңыровта қатысты. 60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан ұландық табанды күрес нәтижесінде жүлделі екінші орынды иеленді. Ал жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы екінші орынға табан тіреді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған