Қазақстанда БАҚ үшін мемлекеттік гранттарды беру және мониторингілеу ережесі бекітілді

Просмотров: 9
Мәдениет және ақпарат министрінің м. а. 2024 жылғы 29 қазандағы бұйрығымен гранттарды беру және іске асыру мониторингі қағидалары бекітілді, деп хабарлайды 247media.kz

Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге гранттар мынадай субъектілер түрлеріне:

  • мерзімді баспа басылымдарына;
  • теле -, радиоарналарға;
  • интернет-басылымдарға беріледі.

Ұйымдастырушы мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсының өткізілетін күніне дейін он бір жұмыс күні бұрын нысан бойынша республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын қоса бере отырып және бөлінетін гранттардың түрін көрсете отырып, ресми интернет-ресурста оны өткізу туралы ақпараттық хабарды орналастырады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер ақпараттық хабар орналастырылғаннан кейін келесі күннен бастап он жұмыс күні ішінде сағат 17:00-ге дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға өтінімді сондай-ақ, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға арналған құжаттар тізбесін ұсынады.

Үміткер қоса берілген құжаттардың төлнұсқалығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға өтінімі бар конверт ашылмайды. Егер өтінім салынған конвертте оны берген адам туралы ақпарат, сондай-ақ пошталық мекенжайы көрсетілген жағдайда, ұйымдастырушы аталған өтінімді үміткерге қайтарады.

Үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға өтінімі бар конверт ашылмайды және күнтізбелік жыл ішінде сақталуы тиіс.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткенге дейін қабылданған өтінімдер жазбаша түрде кері қайтарылып алынуы мүмкін. Конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алу туралы хабарлама үміткер қол қойған және мөрмен (бар болған кезде) бекітілген ұйымдастырушының атына еркін өтініш түрінде ресімделеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға өтінімді ұсыну мерзімі өткеннен кейін оны кері қайтарып алуға жол берілмейді.

Республикалық комиссия өтінімдер бар конверттерді бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсын өткізу туралы ақпараттық хабарда көрсетілген мерзімде және орында алған жағдайда, өтінімдер бар конверттерді ашады және ашу хаттамасын ресімдейді.

Қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына отырыста Республикалық комиссияның төрағасы мен қатысып отырған мүшелері қол қояды.

Бұрын ұсынылған өтінімге және құжаттар тізбесіне хабарламада көрсетілмеген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілмейді.

Хабарлама бойынша өтінім мен құжаттар тізбесі пысықталмаған жағдайда, өтінім мен құжаттар тізбесі үміткерге қайтарылады.

Үміткер пысықтаған өтінім мен құжаттар тізбесін алған кезде Республикалық комиссия екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады, онда конкурсқа қатысуға жіберілген, өтінім мен құжаттар тізбесін берген және жіберілмеген үміткерлерді айқындайды.

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасына отырыста Республикалық комиссияның төрағасы және қатысып отырған мүшелері қол қояды.

Содан кейін уәкілетті орган тәуелсіз сараптама комиссиясын, сондай-ақ гранттар бөлу жөніндегі комиссияны құрады.

Сараптама комиссиясы конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы ресімделген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, отырыста осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік емес телеарналарды, радиоарналарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды айқындау үшін балдық бағалау бойынша грантты алуға үміткерлерді бағалайды.

Уәкілетті органның жанындағы Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия Сараптама комиссиясының қорытындысы негізінде бұқаралық ақпарат құралдарына гранттар беру туралы шешім қабылдайды.

Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік емес телеарналарды, радиоарналарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды айқындау үшін балдық бағалауға сәйкес грантты алуға үміткердің шығармашылық ұсынысы жеңімпазды айқындау үшін шешуші өлшемшарт болып табылады.

Сараптама комиссиясының қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Гранттарды бөлу жөніндегі комиссияның төрағасы және қатысып отырған мүшелері отырыста мемлекеттік гранттарды бөлу қорытындыларының алдын ала хаттамасын қалыптастырады және оған қол қояды.

Ұйымдастырушы грантты алмаған үміткерлерге қорытындылар хаттамасын қалыптастырғанға дейін алты жұмыс күнінен кешіктірмей қорытындылардың алдын ала хаттамасынан үзінді көшірмені қоса бере отырып, грантты бөлуден бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімде көрсетілген үміткердің электрондық мекенжайына хабарлама жібереді.

Үміткерлер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұрын хабарлама жіберілген электрондық мекенжайға қорытындылардың алдын ала хаттамасына қарсылықтарын ұсынады.

Қорытындылардың хаттамасына отырыста Гранттарды бөлу жөніндегі комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған мүшелері қол қояды.

Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия шешімінің қорытындысы бойынша конкурстың жеңімпаздарымен қорытындылар хаттамасына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың іске асырылуына арналған шарт жасалады.

Іске асырылуы бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімді құрайтын ұзақ мерзімді гранттар шарттары тиісті гранттар конкурсы қортындыларының хаттамасы негізінде кейінгі жылдарға жасалуға жатады.

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсы мынадай негіздердің бірі бойынша:

  • конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда;
  • егер конкурсқа қатысуға бірде бір үміткер жіберілмеген болса, өтпеген деп танылады.

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсы өтпеді деп жағдайда, ұйымдастырушы бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттық конкурсты қайтадан өтпеген жүзеге асырады.

Пайдалануға берілген күннен бастап гранттар беру мен олардың іске асырылуын мониторингтеу бірыңғай медиаплатформа ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қағидалар сондай-ақ БАҚ үшін гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін белгілейді.

Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған