Ұландықтар жоғалған телефонды тапты

Просмотров: 21

Ағымдағы жылдың 7 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қырағылық танытты.


Лейтенант Райан Әбдікәрімов бастаған патрульдік топ өзінің серіктесі қатардағы жауынгер Жанбот Нұржанмен бірге қала көшелерінде тыныштықты қамтамасыз ету қызметіне шықты.
— Жан-жақты барлау барысында қарда жатқан ұялы телефонды көріп ұалдық. Бұл туралы бірден кезекшіге баяндап, смартфон иесін іздей бастадық. Біраз уақыттан кейін ұялы телефон иесі басқа нөмірден қоңырау шалды, – дейді лейтенант Рауан Әбдікәрімов.
20 минуттан кейін телефон иесі ұландықтармен жүздесіп, қызметтеріне адал сарбаздарға алғыс білдірді.

 

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған