Тоқаев Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады

Просмотров: 15
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды 247media.kz

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды».Ақорда

Келісімнің мақсаты – құқықтық ынтымақтастықты нығайту және сотталғандардың жазасын өз елінде өтеу арқылы қоғамға қайта бейімдеуіне ықпал ету.

Сенаттың бұған дейін хабарлауынша, шарт сотталған адамның міндетті жазбаша келісімін, оның тараптардың бірінің азаматтығын, екі ел мойындаған қылмыстың болуын және басқа да шарттарды қоса алғанда, беру тәртібін анықтайды. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірген жағдайда бас тартуға да негіз бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған