Қазақстанның бүкіл өңірінде 21 қарашада дабыл белгісі қосылады

Просмотров: 46
Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) маңызды мәлімдеме жасалды. Ведомство Қазақстанның барлық қаласында 2024 жылғы 21 қарашада дабыл белгісі қосылатынын ескертті, деп хабарлайды 247media.kz

2024 жылғы 21-22 қараша аралығында елімізде «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан.

Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері тартылады.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша облыстық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындығы бағаланатын болады.

Практикалық іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өткізілетін болады.

РКШОЖ шеңберінде азаматтық қорғау құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізу жоспарланған.

«21 қараша сағат 11:00-де электрдабылдары мен дабылды-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай ақ теледидар және радиоарналардың эфирі қармалады».ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл іс-шара халықтың «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізілетіні нақтыланады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған