Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралады

Просмотров: 3

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралып, Қарағанды ​​облысының спорт басқармасын басқарады, – деп хабарлайды 247media.kz тілшісі.

Оның кандидатурасын Туризм және спорт министрлігінің арнайы комиссиясы мақұлдады.

41 жастағы Серік Сәпиев – экс-кәсіпқой боксшы. 2017-2019 жылдары Мәжіліс депутаты, одан кейін екі жыл Туризм және спорт министрлігінің спорт комитетін басқарды. Кейінгі уақытта Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болды.

Комиссия сонымен қатар Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Азамат Имашевтың кандидатурасын да келісті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған