Туыстардың аударатын ақшасына қарайды: банктер кредит беруге қатысты жаңа өзгеріс енгізбек

Просмотров: 14

Қазақстанда 21 жасқа толмаған студенттер үшін несие алу жеңілдеуі мүмкін. Енді банктер студенттерге кредит берерде олардың стипендиясын ғана емес, ата-анасынан тұрақты түсетін ақша аударымдары мен такси қызметінен тапқан пайданы да кіріс ретінде есепке алуы мүмкін, деп хабарлайды 247media.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Құжатқа сәйкес, 21 жасқа толмаған қазақстандықтардың табысы ретінде:

ай сайынғы шәкіртақысы;

6 ай ішінде дебеттік картаға түскен аударымдар (мысалы ата-анасынан, туыстарынан);

6 ай ішінде такси жүргізуші болып жолаушылар мен жүк тасымалынан тапқан орташа айлық кірісі (мұндай кірістерді делдал компания арқылы растау қажет) ескеріледі.

Бұл ретте, студенттің өз шоттары арасындағы аударымдары, яғни бір шотынан екінші шотына ақша жіберу, сондай-ақ банк кредиті мен микрокредитін өтеу үшін картасына ақша толтыру сияқты операциялар кіріс ретінде есептелмейді.

Әзірге бұл нормалардың бәрі ұсыныс, талқыланып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған