Қарағандыда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды

Просмотров: 15
Қараша айының соңында облыстың полиция қызметкерлерімен прокуратураның бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 41 және 53 жастағы Қарағанды қаласының тұрғындары ұсталды.

Ұсталғандар қала аумағында есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Жедел әрекеттердің нәтижесінде заңсыз айналымнан есірткі тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың 7,6 келі гашиш екені белгілі болды. Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі заттарын сату ауыр қылмыс санатына жататынын және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылып, 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.

Жыл басынан бастап Қарағанды облысы аумағында есірткі заттарын тарату және граффити арқылы жарнамалаудың бес дерегі анықталып, ұсталғандар жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ облыс аумағында ірі көлемдегі есірткі зертханасы жойылып, 1 тоннадан астам прекурсор мен 10 келіден астам дайын есірткі тәркіленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған