Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы I орынға ие болды

Просмотров: 12

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы медальдар саны жөнінен көш бастады. 

Қазақстандық боксшы қыздар 5 алтын, 5 қола медальға қол жеткізді.

Екінші орында – Өзбекстан құрамасы (3 алтын, 4 күміс, 2 қола).

Таиланд командасы (3 алтын, 1 күміс, 2 қола) үздік үштікті түйіндеді.

Бокстан Азия чемпионатында барлығы 9 ел медаль алды.

1. Қазақстан (5-0-5),
2. Өзбекстан (3-4-2),
3. Таиланд (3-1-2),
4. Қытай (1-2-1),
5. Вьетнам (0-3-1),
6. Украина (0-2-6),
7. Қытайлық Тайбэй (0-0-2),
8. Филиппин (0-0-1),
8. Сауд Арабиясы (0-0-1).

Бүгін Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Елдана Тәліпова (+81 кг) чемпион атанды.

Сондай-ақ, Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан қазақстандық Виктория Графееваның бокстан Азия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ бокстан Азия чемпионатында Аида Әбікеева алтын алды.

Бокстан Азия чемпионатында Наталья Богданова Қазақстанға үшінші алтынды әперді.

Бокстан Азия чемпионатында Гүлсая Ержан алтыннан алқа тақты.

Азия чемпионатында Елдана Тәліпова финалда өзбек боксшысын қапы қалдырды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған