«Астана» – «Челси» матчы кезінде Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Просмотров: 17

Алматы қалалық полиция департаменті «Астана» – «Челси» матчы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы мәлімет таратты. Бұл туралы 247media.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Полиция мәліметінше, Алматының Орталық стадионда 12 желтоқсанда өтетін футбол матчы қарсаңында полиция департаменті қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін шаралар қабылдады. Осы күні қалалық полиция қызметкерлері мен бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген кезекшілік режиміне көшеді.

«Алматы полиция департаменті матч кезінде орталық стадион аумағында және оған жақын жерлерде тәртіп пен жол қауіпсіздігін қадағалайды. Қала тұрғындары мен қонақтарға 12 желтоқсанда сағат 18.30-дан 00.00-ге дейін Абай даңғылының (Байтұрсынов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін) көлік қозғалысы шектелетінін, ал Сәтбаев көшесінің (Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне декйін) толық жабылатынын ескертеміз. Жолдағы тәртіпті сақтау мақсатында жақын маңдағы көшелерде полиция бекеттері қойылады», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Бұған қоса, қалалық полиция жанкүйерлерге стадионға ертерек келіп, кептеліс болмас үшін қоғамдық көлік пайдалануға кеңес берді. Футбол матчы өтетін Орталық стадион есігі жанкүйерлер үшін сағат 18:00-де ашылады.

12 желтоқсанда жергілікті «Астана» ағылшынның «Челси» футбол клубын Алматы қаласындағы Орталық стадионда қабылдайды. Матч Конференция лигасының бесінші туры аясында өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған