Елдос Сметов әлемнің ең үздік дзюдошысы атағына үміткер

Просмотров: 21

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов халықаралық «Жыл дзюдошысы» атағына үміткер атанды. Бұл туралы 247media.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халықаралық дзюдо федерациясы «Жыл дзюдошысы» атағына үміткерлердің тізімін жариялады. Бұл тізімде дзюдодан қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, Рио олимпиадасының күміс жүлдегері және Токио олимпиадасының қола медаль иегері Елдос Сметов бар. Одан бөлек,  үміткерлердің араларында екі дүркін олимпиада чемпиондары да бар. Үміткерлердің барлығы Париж олимпиадасының чемпиондары. Халықаралық жыл дзюдошы атығына үміткерлер:

  • Хифуми Абэ (Жапония)
  • Хидаят Гейдаров (Әзірбайжан)
  • Лаша Бекаури (Грузия)
  • Елдос Сметов (Қазақстан)
  • Таканори Нагасе (Жапония)
  • Зелим Коцоев (Әзірбайжан)
  • Тедди Ринер (Франция)

Айта кетейік, 2023 жылғы «Халықаралық жыл дзюдошы» атағын ерлерден грузиялық Тато Григалашвили алса, әйелдерден жапониялық Ута Абэге иеленген еді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған