Тәуелсіздік ел тұғырының мәртебелі қуанышы

Просмотров: 15

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі тарихының тамыры тереңде жатқан елдің әлемдік аренадағы ең үлкен жетістігі. 1991 жылы КСРО ыдырап, одақтың құрамында болған барлық мемлекеттер өз алдарына жеке мемлекет құрып өз тәуелсіздіктерін бекітті.

Дәл сол кезде солардың қатарында да, біздің мемлекетіміз де болғаны бәрімізге мәлім. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғары Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Ескере кететін жайт Қазақстан Республикасы КСРО елдері құрамындағы өз тәуелсіздігін жариялан соңғы мемлекет болды. Тәуелсіздік еліміздің ең басты мерекесі Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Қазіргі таңда тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Бүгінде өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Береке мен бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекеттердің біріне айналдық. Сондықтан да ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына оранған тағы деуге болады. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауымыз керек. Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз арта түсті. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. Өзге елдермен қарым-қаынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Еліміздің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірібие алмасуғада жағдай жасады. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Бүгінде менде жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан еліне игілік, барлық бастамаларына тек сәтттілік тілеймін.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы
Сакентай Амантайұлы Шекарбеков

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған