Бектенов жаңа ұлттық экономика министріне тапсырмалар берді

Просмотров: 6
Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылы 21 желтоқсанда Ұлттық экономика министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Серік Жұманғаринді таныстырды, деп хабарлайды

Олжас Бектенов Нұрлан Байбазаровқа вице-премьер – ұлттық экономика министрі ретінде атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Серік Жұманғаринді таныстару барысында Премьер-министр ведомствоның алдағы кезеңге арналған басым міндеті – Мемлекет басшысының экономиканың серпінді өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау екенін баса айтты. Бүгінгі таңда экономика тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр. Экономиканы құрылымдық өзгерту, бюджет, салық саясатының тиімділігі мен бюджеттік параметрлерді болжау деңгейін арттыру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Бұдан басқа, басым салалардағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық экономика министрлігі бизнесті қолдаудың теңгерімді саясатын және тарифтік реттеудің салмақты саясатын жүргізуі қажет.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

Одан кейін Байбазаровтың орнын Жұманғарин басқаны белгілі болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған