Дүниені бір сәт Кафкасыз елестету қиын…

Просмотров: 5

Мен әдебиеттен басқа нәрсе емеспін

Әлем әдебиеті туралы пікір айтқанда Кафканы айналып өте алмайсың. Кафка әдебиет әлеміне модернистік ағыммен келген және оның негізін қалағандардың ең алдыңғы қатарында тұрған қаламгер. Ол ешкімге ұқсамайтын жазу мәнерімен әдебиетке зор сілкініс жасап, ХХ ғасыр әдебиет тарихына өшпес еңбектер қалдырды. Биыл Кафканың дүниеден озғанына 100 жыл, ал әдебиет әлеміне келгеніне 120 жыл толып отыр.  

Менің санамда бір кең, шексіз әлем бар

Осыдан 120 жыл бұрын, Сұгұрта компаниясының қызметкері Кафка әр күні жұмыстан түсіп үйіне келген соң естелік дәптеріне құдды түс секілді әңгімелерін жазатын.

Кафка күндегі әдетінше кешкі сағат 11 ден бастап жазу үстеліне отырып, түннің бір уағына дейін жалғастыратын. Кей күндері таң ағарып атып кететін. Сонда да ол жұмысынан қалып, не кешігіп көрген емес. Бәлкім солкездегі оның  жазуға деген қызу махаббаты мен қайтпас жігерін ешкім де түсіне алмаған болар.

Кафка естелік дәптерінің бетіне былай деп жазатын:

Менің санамда бір кең, шексіз әлем бар, оны әдебиет арқылы бейнелей алмасам, ол мәңгі арман болып кетеді.

Мен әдебиеттен басқа нәрсе емеспін, басқа нәрсе болмаймын және болғым да жоқ.

Кітап сөзсіз адамның санасындағы мұз құрсанған теңізден жарық (саңылау) ашатын балта (бұрғы) болуы керек.

Қалам – жазушының қаруы ғана емес, бәлкім денесінің бір бөлшегі болар.

Ұйқтау мен ояну, ояну мен ұйқтау онысыз да үнемі қайталана беретін бір қалыпты өмір…

Сүйіну (сүю) деген не? Бұл – әдетте айтуға оңай өте қарапайым сөз. Алайда өмірімізді қалыптастыратын, шыңдайтын, қиыншылығын жеңілдететін және санамызды байытатын нәрселердің бәрі сүйіну. Тым биіктік пен аса тереңдікті жалғайтын, оған дәнекер болатын нәрселер де дәл сүю.

Әрине, Кафканың күнделіктеріне жазылған бұл дүниелер сол дәуірдің сана-сезім, түйсігінен алқып кеткен. Бірақ Кафка шығармаларын әдетте дәл осылай әдіспен жазатын және өте аз жариялайтын. Ол көптеген кейіпкерлеріне жөні түзу ат (есім де) та қоймайтын. Тіпті бас кейіпкерлердің өзіне көңілсіз, жөнсалау «К» деп ат қоя салатын-ды. Кафканың жасампаздығында, күнделік жазу мен жасырын сәлем хат жазу 20 жылдан артық, өмірінің соңына дейін жалғасқан. Міне, осындай бір жазушының «Форма өзгерту естелігі» атты повесті модрнзим әдебиетінің басталу кезеңі деп саналады.

Кафка әдебиетке қайта қан жүгіртуге себепкер болған жазушы. Модернизм әдебиетінің көш бастаушыларының бірі. Қиял және символизм әдебиетін барлыққа келтіруші. ХХ ғасырда өте сирек кездесетін талантты жазушылардың бірі. Символ қашанда жалпылық сипат алады, оның мәнін анық түсіндім дегеніңізбен, шығарма авторы оны ишарлап қана кетеді. Оны сөзбе-сөз түсіну мүмкін емес. Одан сырт, сиволдық туындыны түсінуден өткен қиын нәрсе жоқ. Сондықтан оны жіктеп-жіліктеп, көмескі мәнін қуарлағаннан гөрі, шығарманы өзімізге әсер етуге талпынсақ, оны түсінудің сенімді жолын тапқан болар едік.

Кафка өз өмірінде үш роман, оннан артық повесть, 120 ға тарта әңгіме (ең қысқа әңгімесі жарты бет, ең ұзын әңгімесі 20 бет көлемінде), үш том күнделік естелік, үш том сәлем хат, «Сегіз дана сегіз форматтық естелік дәптер» қатарлыларды жазған. Уәкілдік шығармаларынан «Қамал» (роман), «Форма өзгерту естелігі» (повесть), «Ашыққан өнерпаз» (әңгіме), «Үңгір» (повесть), «Ит хақында зерттеу» (повесть), «Дау» роман («Сот» деп те аталады), «Ғайып болушы» роман («Америка» деп те аталады), «Акамедияға доклат» (әңгіме), «Заңның қақпасы алдында» (әңгіме), «Шелекке мініп келген адам» (әңгіме), «Үйге қайту» (әңгіме), «Сиреналардың сөкеті» (әңгіме) қатарлылар бар.

Кафканың өмірі мен шығармашылығы

Кафка 1883 жылы 3 шілдеде Прагада қаласының маңындағы шағын елдімекенде туған. Әкесі кейін отбасын Прагаға көшіріп әкелген. Оның шыққан тегі еврей болғанымен, ата-анасы идиш тілінің ықпалына ұшыраған неміс тілінде сөйлейтін. Бірақ сол кездегі қоғамдық, әлеуметтік жағдайларға байланысты ата-анасы балаларын ортақ неміс тілінде тәрбиелеген. Балаларының үлкені Кафка болатын.

Кафканың әкесі шағын мәліш дүкені бар саудагер еді. Мінезі қарадүрсіндеу, балаларына өте қатал кісі болатын. Әкесінің осы қатал мінезі баласы Кафканың психологиясына кері ықпал еткен. Кейін Кафка «Әкеме хат» деген ұзын-сонар хатын жазады. Ол хатына: «Сенің кесіріңнен мен өзіме деген сенімімді жоғалттым. Тек өзімді өмір бойы кінәлап, жазғырумен өтетін шығармын» деп жазады. Демек, Кафканың балалық шағы жалғыздықта өткен. Ал анасы болса жуас, ақ көңіл әйел болған. Кейбір деректерде айтылуынша, анасы әкесіне қарағанда білімді, аздап жазушылықпен айналысатын өнері бар көрінеді. Демек, Кафканың жазушы болуы – анасының қанынмен келген, дарыған қасиет болса керек.

1889-1893 жылдары, болашақ жазушы бастауыш мектепте оқиды.

1893 жылдан 1901 жылға дейін Прагада неміс тіліндегі жоғары қоғамдық ғылымдар гимназиясында білім алады. Ол гимназияның соңғы оқу жылдарында материалистік, пантеистік көзқарастағы философ Бенедикт Спиноза, әйгілі ағылшын ғалымы, табиғат зерттеушісі, биологиялық эволюцияның негізін салушы Чалз Даруин және әйгілі неміс философы және филологы Фридрих Нице қатардлылардың еңбектеріне жолығып, онымен танысады. Осы кезден бастап Кафка әдебиетке болған қызушылығын өзінің ортасына  байқата бастайды.

1901-1906 жылдары Кафка Прагада неміс тілінде оқып жүргенде, алғашқы екі маусымында Германия әбебиетін оқып үйренген. Кейін ол заң мамандығына ауысқан.

1903 жылы Кафка өзін жазушылыққа арынап, өлең және әңгіме жазуды ептеп қолға ала бастайды. Бірақ Кафканың әдебиетке болған қызығушылығын елеп-ескерген әке болған жоқ. Керісінше әкесі оны заң факультетіне (құқықтану мандығы бойынша) оқуға түсуге мәжбүрлейді.  Сонымен Кафка сол жылы заң мамандығына еріксіз емтиқан тапсырып, оқуға түседі. Студент кезінде жас жазушы университеттің мәдени-рухани іс-шараларына қатысып, театр қойымдарын ұйыдастырып жүреді.

1904 жылы неміс ақыны, ойшылы, табиғаттанушы И.В.Гете, француздың реалист жазушысы Г.Флобер, орыс жазушысы Ф.М.Достоевскидің шығармаларын оқуға ынтасы ауып қалады. Жазушылық жағында неміс жазушысы Гофманның  ылтипатына ие болған. 1904 жылдан 1905 жылға дейін тұңғыш туындысы «Алысу әсерін» (повесть) жазады.

1906 жылы Кафка «Заң докторы»  атағын алғанан кейін, сол жылы қазан айынан бастап Прага сот мекемесінде практикада болады. Осы кезде «Күзету» жинағына енген «Бас тарту» қатарлы әңгімелерін жазған.

1907 жылы, әмбабап «Сұгұрта» компаниясында қарапайым қызметкер болып жұмыс істеген. Бұл кезде «Ауыл тойлары» (повесть) қатарлы туындыларын жазады.

1908 жылы шілде айынан бастап, жұмысшылардың жұмыс үстінде жазатайым оқиғаларынан жарақат алғандардың ісін қарауды Сұгұрта компаниясына тапсырады. Осы істерді заңмен реттеу қызметін компания Кафкаға жүктейді. Әр күні қайталана беретін қызмет өтелімі мен қайғы жұтып, алдына келген адамдарды қабылдау онысыз да түңілуге бейім Кафканың жан дүниесін одан ары азапқа салады. Бірақ ол бар жан тыныштығын шығармашылықтан іздеген. Өйкені, шығармашылық ол үшін «Құдайға сиынудың басқа бір жолы» болған, Кафка өз күнделігінде солай деп жазған. Осы жұмыста жүріп ол «Күзету» жинағына енгізілген сегіз шығармасын жазып, оны жариялайды.

1909 жылы Кафка Италияның Роуасына барып демалған. Осы кезде Бразылияда аэропуаланды ұшыру сынағын тамашалаған сәттінен кейін ол «Бразилияда аэропулан күзету» атты шығармасын жазып шығады.

1910 жылы ол «Бохимия» журналында бес әңгімесін жарияданған. Сол жылы мамыр айынан бастап, күнделік жазуды бастаған. Естелік жазуды 1923 жылға дейін жалғастырған. «Кафканың күделік естелігін» үш кітапқа топтастырып бастырған. Одан басқа көк тысты әңгіме дәптері бар болып, оны «Сегіз парша сегіз фоматтық естелік дәптер» атымен баспадан шығарған.

1911 жылы Италияға барып демалған және Парж, Цюрих қатарлы жерлерге саяхат жасаған. «Күзету» жинағына енгізілген бірнеше шығармасын сонда жазған.

1912 жылдың қаңтар айында «Ғайып болушы» атты романының бірінші тарауы «От жағушының» («От жағушы» сол кезде өз алдына әңгіме болып жарияланған) алғашқы нұсқасын жазады. Кафка Германияның тарихы мен мәдениетінің ошағы саналатын, Гете мен Шиллердің туған жері Вимарға барып саяхаттаған. Тамыз айында тұғыш әңгімелер жинағы «Күзету» кітабын құрастырып, желтоқсан айында баспадан шығарады. Тамыз айының 13-күні, Филиция Бауер  ханыммен танысады. Осы айдың 20-күні оған алғашқы махаббат хатын жазып үлгіреді. Екі күннен кейін түнімен «Үкімді» жазып болып, Фелицияға сыйға тарту еткен. Сол жылы қыркүйектен бастап, 1913 жылы қаңтар айына дейін, «Ғайып болушының» алғашқы жеті тарауын жазып бітірген. Қазан айынан бастап, Филицияға арнайы сәлем хат жазуды бастаған. Қараша айының ортасынан желтоқсан айының басына дейін «Форма өзгерту естелігін» (атақты повесті) жазып болады. Желтоқсан айында тұңғыш рет Прагада өткізілген ашық дикламация фестивальына қатынасып, жаңа туындысы «Үкімді» өзі дикламация жасаған.

1913 жылы Берлинге барып Филициямен тағы жолыққан. Сәуір айында Трояға барып бір айдан аса уақыт бағбаншылықпен айналысады. Мамыр айында, екінші рет Берилинге барып, «Ғайып болушының» бірінші тарауы, «От жағушы» (әңгіме үлгісінде) және «Акамедияда», «Үкімді» жариялаған. Маусым айында Филицияға үйлену туралы сөз салады. Қыркүйек айында Вена, Венеция, Руваға барған.

1914 жылы ол тағы Берлинге барады. Маусым айының бірінші күні Филициямен үйлену тойын жасауға уағдаласады. Алайда Кафка шілденің 21 күні үйлену тойын тоқтатып, жалғыз өзі Балтық теңізі жағасына саяхаттап кетеді. Осы айдың 28 күні бірінші дүниежүзілік соғыстың оты тұтанып кетеді. Тамыз айының басында «Дауға» («Сот») қалам тербеуді қолға алады. Билак көшесінен үй жалдап алған Кафка қазан айында «Сургунгахта» атты повестін және «Ғайып болушының» ең соңғы тарауын жазып бітіреді. Жыл соңында «Ауыл мұғалімі», «Түс» қатарлы шағын әңгімелерін жазды. Осы жылы Грит Билох ханыммен танысады.

1915 жылдың қаңтар айында, Филициямен тағы кездеседі. Ақпан айынан бастап, «Кәрі бойдақ» атты шығармасын жазған. Қазан айында «Фонтана» сыйлығын еншілейді. Германияда шығатын әдеби айлық журналынна «Форма өзгерту естелігін» жариялаған, кейінгі жылдары оны арнайы жинақ етіп бастырған.

1916 жылдан бастап Кафка ауру мен ұйқысыздық дертін қатар тарта бастайды. Мамыр айында үш апта демалып, Филиция мен Малинбадқа барып демала жүріп емделген. Қыркүйек айының соңында, «Үкім» жеке кітап болып басылып шығады. Қараша айында Мюнхенде өткізілген ашық декламатция фестивальына екінші рет қатынасып, «Сургунгахта» туындысын дикеламация жасаған. «Ауыл дәрігері» және кейін сол аттас жинаққа кіргізілген «Көрші ауыл», «Он бір ұл», «Ағасына қастық» қатарлы шығармаларын жазған.

1917 жылы «Ауыл дәрігері» атты жинағын құрастырып бітірген. Шілде айында Филициямен және кездескен. Кафка үнемі созылмалы және психологиялық аурулардан жиі зардап шегеді. Қыркүйек айында дәрігер Кафкадан  туберкулез ауруының таяқшасын анықтайды. Осыдан кейін ол үшінші қарындасы Оттилиенің жанына қайтып барған. Желтоқсан айында, Филициямен үйлену тойынан тағы бас тартқан. Оның ең сүйікті философы – даниялық философ және теолог, ақын, әлеуметтік сыншы Серен Кьеркегор болған. Кафка Кьеркегордың еңбектерімен танысып, оны зерттей бастаған. Өйткені, «Үмітсіздік – өмірлік дерт» деген нақылды айтқан Кьеркегор болатын.

Кафка 1920 жылы «Ол»-ды жазған. Кейін «Кафка хақында әңгіменің» авторы Гостат Янушпен танысқан. Сәуір айынанан бастап Италияның Милан қаласына барып емделген. Алғашқы шығармаларының чек тіліне аударған Мирина Ишнскамен сәлем-хат жазысып жүріп, онымен жылдам махаббаттасады.  Тіпті оған өлердей ғашық болады. Кафканың көзі тірісінде шығармаларын жақсы бағалағандардың қатарында осы талантты журналист Мирина да бар еді. Бірақ Милана отбасылы әйел болғандықтан, ол ауқатты банкер күйеуінен ажырасуға онша асықпайды.

Осы жылы «Ауыл дәрігері» жариялады.  Және Кафка «Коллектив», «Түн», «Заң мәселесі туралы», «Сынақ», «Әскерге алу», «Құмай» (Бүркіт), «Рөлшы», «Қысқа мысал», «Нұр» (зырылдауық), «Үйге қайту» қатарлы туындыларын жазған. Алайда оның бұл шығармалары өзінің тірі кезінде жарияланбай қалған.

1921 жылы Мирина қайтыс болады. Осы жылдың күзінде Кафка Прагаға қайтып келіп, «Жолға шығу», «Ақтаушы», «Алғашқы азап» қатарлы қысқа шығармаларын жазады.

1922 жылы ақпан айында Кафка арнайы демалыс алып емделген. Шілде айында денсаулығына байланысты мерзімнен бұрын амалсыз зейнет демалысына шығады. Маусым айының соңынан қыркүйектің ортасына дейін үшінші қарындасының үйінде тұрған. Қаңтар айынан қыркүйекке дейін «Қамалды» жазған, сол жылы жаз айында, «Ашыққан өнерпаз» бен «Ит туралы зерттеуді» жазған. Және «Ерлі-зайыпты», «Истинара туралы» қатарлы шағын әңгімелерін жазған.

1923 жылдың маусым айында, Балтық теңізі жағалауына барып демалуды жалғастырған. Шілде айында Дора Диамант ханышайыммен танысады. Дора ауқактты, текті әулеттен шыққан қыз болатын. Жазушы Дора Диаметпен бірге Берлинге баруды жосапарлайды. Бірақ осы кезде Кафканың денсаулығы жар бермегендіктен бұл жоспары орындалмай қалады. Осы жылдың қысында Кафка атақты повесті «Үңгірді» жазады.

Кафка өмірінде  Фелиция Бауэрмен екі рет және Юлия Вохрыщекпен некелескен.  Ол сүйе білген, сүйікті де бола білген. Бірақ некесін қиып, үйлену тойын жасар кезде сытылып қашып кете берген. Оның себебтері, Кафканың күнделіктерінде жазылған

1924 жылы Кафканың денсаулығы өте қатты нашарлап кетеді. Наурыз айында ол туған жері Прагага қайтып келеді. Ең соңғы әңгімесі «Әйел әнші Иосифон немесе тышқанша тың тыдаушы» – ны жазады. Сәуір айында дәрігер Кафкадан кеңірдек (қызыл өңеш) қатерлі ісігі барын анықтайды. Ауру төседігінде жатқан ол «Ашыққан өнерпаз» атты шағын шығармасын нақышына келтіріп оқып, көз жасын көлдете, кеңкілдеп ұзақ жылайды. Маусым айының 3-күні көз жұмып, о дүниеге аттанады. Ол қайтыс болғаннан кейін ұзақ өтпей «Ашыққан өнерпаз» атты әңгімелер жинағы басылып шығады.

1925 жылы «Үкім» атты романы, 1926 жылы «Қамал» атты романы, ал 1927 жылы «Ғайып болушы» атты романы жарық көреді. Кафканың бұл шығармалары қоғамда күшті дүмпу тудырып,  оған үлкен абырой, даңқ әкелді.

1936 жылы «Кафка шығармалары» жинағы оқырманымен жүзддеседі.

Тасты да әңгімеге айналдыратын Кафка

Кафка қайтыс боларының алдында жақын досы Макс Бродқа бір парша өсиетхатын жазып қалдырады. Өсиет хатта: «Барлық жазбамды өртеп жібер, осыны сенен өтінемін!» делінген. Бірақ бұл өсиетхатта жазылғандардың  көбін Кафка әлде қашан өзі орындап қойған болатын. Оның үйінен көлемі жағынан он қалың естелік дәптердің мұқабасы ғана табылған. Оның ішкі беттерін түгел жоғалған. Одан басқа да бірнеше естелік дәптері өртелген. Алайда, досы оның өсиетін орындаудың орнына, керісінше қалған қолжазбаларын түгел реттеп баспадан шығарады. Осы кезден бастап Кафканың шығармалары адамдарды арт-артынан зілзалаға салып, таңғалдырумен болады. Әлігедейін таңғалдырумен келеді.

Өйткені, оның ұзақ және сансыз қараңғы түнде, балауыз шамның түбінде отырып жасырын жазған туындылары дәл осындай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани ескерткіш болып қала берді. Сол себепті, досы Бродтың Кафкаға жасаған бірден бір «опасыздығы» әлем әдебиеті тарихының аспанында мәңгі жарқырап тұратын жұлдызды барлыққа келтірді.

Кафка шығармалары ХХ және ХХІ ғасырдағы көптеген жазушыларға, сыншыларға, өнер иелеріне және философтарға зор әсер етті. Олардың бірде-біреуі Кафкадан аттап немесе айланып өте алмаған. Мәсілен, Аргентинкалық жазушы, ақын және публицит Хорхе Луис Борхес, француз философы, публицист, романист және драматург Жан.Поль Сартр, француз жазушысы, эстетик және драматург Альбрт Камю, колумбиялық жазушы, журналист, Номель сыйлығының лауреты Гарсиа Маркес, орыс және амиркан жазушысы, сыншы Владимир Набоков, америкалық жазушы, Нобель сыйлығының иегері Уильям Фолкнер, америкалық жазушы журналист, Нобель сыйлығының иегері Эрнест Хеймингуэй, Чек жазушысы, драматург, сыншы Милан Кундера, түрік жазушысы, Нобель сыйлығын иегері Орхан Памук, атақты жапон жазушысы және аудармашы Харуки Мураками, Алан Рубин, америкалық жазушы, романист және эссеші Курт Воннегут, Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының лауеарияты Мо Ян қатарлылардың барлығы Кафканың ықпалына ұшырағандар.

Кафканың әдебиеттегі орнына баға беріп, мақала жазғандардың шығармаларынан Кафканың көлеңкесін анық көруге болады.

Хорхе Луис Борхес Кафканың шығармаларын беріле оқып, оны испан тіліне аударған.

Гарсиа Маркес Кафканың шығармаларын алғаш оқығанда, «Әңгімемді осылай да жазуға болдады екен ғой!» деп таңғалған.

Милан Кундера, «Кафканың шығармаларында ХХ ғасыр адамдарының әсері ең жоғары мүмкіншілік сатысына жеткен» депті.

Жан.Поль, «Кафканың шығармаларында қиялдан шын дүние барлыққа келген» дейді.

Альбрт Камюдың, «Кафканың туындылары оқырманын қайта-қайта оқуға мәжбүрлейді» деген.

Роберто Боланьо өлеңінде: «Мен дүниені түсіндім, оның қасіретін көріп білген бірден бір адам дәл Кафка ғана» деген екен.

Ал Мо Ян: «Хикая мен романдарды құдды түске ұқсатып  жазалайтындардан тек Кафка ғана бар» деп тамсанған.

Қытайдың тағы бір танымал жазушысы Гау Шияусұң сөзін әзілге айналдырып, «Біз есейген жылдары Кафканы оқымаған болсақ, қыздарды қолға қондыра алмас едік» депті.

Дүниені бір сәт Кафкасыз елестету қиын

ХХ ғасыр әдебиетінде барлыққа келген сана ағымы, симоволизм ағымы және басқа әртүрлі әдебиет ағымдары Кафканың күнделік естеліктерінен бастау алады. Өткен ғасырдағы әдебиет әлеміндегі ирландиялық жазушы Жейс, англиялық жазушы Виржиния Вулф және француз жазушысы Марсель Пуруст қатарлы жазушылармен қатар модернистік әдебиеттің негізін қалағандардың бірі және бір егейі Кафка болатын.

Әлем әдебиетінде белгілі орны бар, британдық әдебиетші, философ Терри Иглтон, америкалық тарихшы, әдебиетші, меденит теоретигі, сыншы Гарольд Блум, америкалық жазушы, әдебиетші, өнер, театр және кино сыншысы, философ Сьюзан Зантаг, неміс мәдени теоретигі, сыншы Вольтер Беньямин қатарлылар Кафканың әлем әдебиетінндегі теңдессіз орнын тіктеді.

Әдебиет теоретигі мен әдебиет тарихшылары әр уақыт модрнизим әдебиетінің  негізін салушылар мен оны дамытушыларды сөз еткенде, Кафканы олардың бәрінің алдына қояды. Кафка туралы англиялық танымал қаламгер, «жазушы және ол жасаған дәуір тұрғысынан алып айтқанда Кафканы Данте, Шекспир, Гете секілді ұлы кллассиктермен қатар атауға болады» деген екен.

Бүгінгі заманда адам ақылына симайтын кездейсоқ істер, логикадан алқып кеткен әдістер (стиль), жайшылықта айтылатын әртүрлі алып-қашпа сөздерге қарата адамдар, «Сол баяғы Кафкаша ғой» (дүниені бір сәт Кафкасыз елестету қиын) деп айтуды әдетке айналдырған.

Әркүні кезекшілік істеп, қымқуыт қоғамдық, әлеуметтік мәселенің тірлігінен шаршап, рухани басымдылыққа тап болғанда;

Туыс-туған, дос-жаранмен барыс-келіс сиреп, әйел мен баланың араздасып, пікірлесу барған  сайын азайып кеткенде;

Үлкен қалада көп жыл тұрып және де ешқандай тәуелді түйсікті сезіне алмағанда.

Кафка шығармалары өмірдің мәнін түсінуімізге және рухани  ауыртпалығымызды жеңілдетуімізге көмектеседі. Кафканы оқып, түсінгендерге басқаларға қарағанда тереңірек ойлануға, алдын болжауға, мәселелерге жан-жақтылы қарауға мүмкіншілік беруден дерек береді.

Кафкаға үңлігенде, шығармаларын түсініп оқығанда, қияли мен реал дүниені қатар еске аламыз. Бұл дәл Кафканың бізге беретін сезгірлік және алдын ала болжау түйсігі.

Кафканың оқырмандары не айтып еді?

Жан-Поль Сартр: «Кафканың прозаларында бейнеленген дүниелер қиялға, мұңға толы. Қылдай қиянаты жоқ, берік және шын дүниелер. Оның шығармалары әдептіліктен аздырушыларды шаң қаптырып, өкіндіріп кетеді».

Ал, Альбрт Камю: «Кафканың шеберлігі оқырманын қайталап оқуға мәжбүрлейді. Шығармаларының қатталуы немесе қатталуының шала қалуының белгілі себептері бар. Бірақ бұл себептер шығармада анық жазылмаған. Оқырман логикаға ұқсас бұл әңгімелерді басқа қырынан қайталап оқу арқылы түйсінуі керек. Кей әңгімелері мүлде  ұқсамаған екі түрлі әдіспен шарықтауы мүмкін, сондықтан оны оқырманның үшінші рет оқуына тура келеді. Міне бұл да автордың күткені болар. Егер біреу Кафканың шығармасының астарын бүге-шегесіне дейін түсіндіруге тырысса, онда ол қателесіп тұйыққа тіреледі» десе, Милан Кундера:

«Кафканың прозаларында қиял мен реалдық қатар ұя салған. Оның шығармалары заманауи әлемге жүгіртілген ең сергек сана болумен бірге, ешқандай шатыспаған, түйілмеген әсер. Кафка алдымен эстетика жаңалаушы, ғажайып өнер тапқыш. Кафканың ең үлкен үлесі – тарихтың дамуына жаңа қадам тастау емес, одан да маңыздысы – адамның ақылы жетпейтін бір есік ашып, проза секілді бір ғажайып дүниені көрсету. Қиял құдды түстей сағымданып, прозадан құтылу қиын болған шындықтан сытылып шықты» дейді.

«Мен Кафканың көшбасшы жазушы екені туралы іздендім. Басында мен Кафканы әдебиет саханасында ежелден байқалмаған сирек талант иесі санағанмын. Оның шығармаларын қанша көп көрген сайын ұқсамаған орта және әр дәуірдегі сан алуан шығармалардан өзгешеленіп тұрғанын байқадым… Кафка қымқуыт жағдай мен үнемі жолығып тұратын істерді қиялға айналдыру.  Ол өзінің таза стилі арқылы шытырман түсті жазған… Оның шығармалары уақыттық шектеуіне ұшырамағандықтан әдебиттің жұлдызы болып тұр» дейді, Хорхе Лиуис Борхес.

Ал, Вальтер Беньямин: «Кафканың әлемі, дүниенің театры секілді. Оның ойынша, адам баласы дүниеге шыр етіп келген күннен бастап осы театрда рөлін сомдайды… Кафка өз пробламаларын басқа қырынан көркем шығармаға айлалдыратын сирек талант иесі. Бірақ кез келген шарықтау оның пробламаларын түсіндіріп бере алмайды. Керісінше ол ең тамаша әдістерді қолдану арқылы шарықтау кеңестігін бос қалдырған емес» дейді.

«Кафка, атақты, бәлкім ең атақты қиял-ғажаптың хас шебері болса керек. Мұндай әдеби жанрға қарата айтқанда, сыншылардың өзі ауызын жабуға мәжбүр болды. Кафка алға басар өнер иесімін, ерекше жаратылған адаммын деп ешқашан ойлаған емес. Кафканың мүмкіндігі, оның шығармаларына байланысты айтқанда, кездейсоқтық. Егер кімде кім өзін «Адамгершіліктен рухтануға құмармын» десе, ол мүмкін Кафка болар еді» дейді,

«Егер Кафканың «Форма өзгерту естелігін» оқып болып, оны қасыретке толы жасампаздық қиялдар емес екен деп қарасаңыз, онда сізді құттықтаймын. Сіз таңдаулы, ұлы оқымандар қатарына кіресіз… Кафканың стиліне назар аудару керек: анық, дұрыс және шынайы интонация мен шығармадағы шытырман түстей мазмын мен форма күмәнсіз үйлесім табады. Шебер ұқсатулар арқылы ағы – қағаз, қарасы – сия сияқты әңгімелерін талдап, саралап отырудың қажеті жоқ. Кафканың анық стилі шығармасындағы қиялға тән бояуын күшейткен. Салыстыру және сәйкестру, әдіс және мазмұн, форма және сюжет тығыз қабысу сатысына жеткен» дейді Виладимир Набоков.

Кафканың әрбір тартқан азабы раушан гүл

Кафка әрбір бастаған ісін соңына алып шығара алмаған, сәтсіз жеңімпаздар секілді сезінетін. ХХ ғасырдың ұлы құбылысы өмірінің соңғы кездерінде досы Макс Бротқа өмірбойы жазған қолжазбаларын түгел өртеп жіберуді міндеттегені тегін емес-тұғын. Кафканың әкесіне жазған «Әкеме хат» атты ұзын-сонар хатынан-ақ оның жан күйзелісін сезіну қиын емес. «Олардың барлығы әдебиетті ұната бермейді. Мен жек көремін… Маған оларға қонаққа бару қызық емес. Туыстарымның қорқынышы мен қуанышы да маған шексіз көңілсіздік сыйлайды…».

Әкесі жұмыстан қайтып келгенде Кафканы қайдағы бір мән-мағанасыз іспен айналысып, уақыттыңды босқа өткіздің деп жазғырып дүкеніне жұмысқа жеккен. Сол себептен де оның (олардан) оңаше жерде жасырын шығармашылықпен шұғылдануына тура келегені анық. Ол: «Мен үшін бұл қорқынышты қос өмір. Онда, мүмкін, бірғана шығу жолы болса, ол – нақұрыстық» деп жазады күнделігіне. Демек, Кафканың әдебиетпен айналысуына отбасы мен жақын туыстарын қолдау таппағын байқайсың.

Бәлкім, Кафканың өмірінде өзінің арманы бойынша істеген бірден-бір ең сүйікті ісі – жазушылықпен айналысыу ғана болса керек.

Кафка әдетте ашық-жарқын, сөзмер, басқаларға жақсылық жасап, ылғи көмектесіп жүрсе де, бірақ естеліктерінде өзінің көңілсіздігі мен ауыр тағдырын жасыра алмаған. Оның шығармаларында үздіксіз тереңдеу мен қайталана қазыла бергендіктен, бас кейіпкері үнемі мұңға толы қиялмен жалғыз жүреді. Өмірі қанша көңілсіз болса да, рухы тым сергек, жігерлі болады. Кафканың «қиялдауы» жілік майына дейін жеткен болса да, бірақ түн ортасында аяқ астынан ашылған «раушан гүлінің» жұпар исіне көңілін аударумен, содан ләззат табумен өмір сүрген.

Өмір ритиімінің барғансайын жылдамдауына ілесіп, естелік жазу оның өмірлік ермегіне айналды. Кафканың шығармаларын көңіл қойып оқып, онымен сырласу өте қиын іс болып қалады. Ғылым-техниканың дамауы мен ақпарат мөлшерінің арта түсуі адам мен адамның арасын жақындастыра алмады. Керісінше  адамды қиял мен реалдық секілді екі аралға айналдырып жіберді.

Содан бері бір ғасыр өткен бүгінгі күнде, Кафканің шығармаларын қайта оқысақ, және де сол тәмсіл мен таршылық түйсігін еске аламыз. Қиялдың көгілдір экранын өшіріп көзді ашып-жұмғанша, Кафкаға айналып кетеміз. Өмір бақи аралда жалғыз қалып қойғандай сезінеміз.

Әдетте Кафканың оқырмандары бізге қысқа әңгімелерінен бастап, көлемді шығармаларына дейін оқу туралы ұсыныс айтады. Кафканың туындыларын жалындаған жас кезінде бір рет, орта жас кезінде бір рет, өмірінің соңғы кездерінде бір рет оқуы керек. Кафканы ұқсамаған жас кезінде оқысаңыз, ұқсамаған әсерде боласыз.

Кафка өзін ешуақытта жазушы санамаған. Тіпті жазған дүниелеріне көңілі толмаған. Бірақ оған бола ол жазуын тоқтатқан емес.

Сөз соңында, әлемдегі барша қиял рухтарының әруақыт «шаң басқан» жүз жылдық ұшпу хаттарын оқығаныңда, Кафканының кездесіп қалуын үміт етемін.

Әлімжан Әшімұлы

Мақалада пайдаланған Кафка туралы деректер Қытайдың әртүрлі әдеуметтік желісінен алынды.

Abai.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған