ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Просмотров: 10

Департамент басшысының орынбасары Б. Макеев мемлекеттік органдардың өкілдері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Қатысушылардың назарына мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар және қарамағындағы қызметшінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін бірінші басшының жауапкершілігін қарау тәртібі жеткізілді. ондай-ақ, мемлекеттік қызметті өткеру, жұмыс уақыты режимін сақтау, оның ішінде мемлекеттік органдарда кіруді басқару жүйесін орнатып, оны «Е-қызмет» АЖ интеграциялау мәселесі талқыланды.    Жиын қорытындысы бойынша «Е-қызмет» АЖ жұмысты жандандыру, мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау негіздері, меритократия қағидатын ілгерілету және адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілерінің құқықтарын бұзылуына жол бермеу жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған