Қарағанды индустриялық университетінің студенттері оқудағы бір күндерін толығымен қоршаған ортаны сақтауға арнады
Қоғамдық көлікті жиі пайдалану, қалдықтарды бөлу және электр қуатын үнемдеу – Қарағанды индустриялық университетінің студенттері белсенді экологиялық өмір сүруге шешім қабылдады. «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында университетте «Бұл біздің болашақ үшін шайқас» ұранымен бірқатар іс-шаралар өткізілді.
ҚарИУ үшін 19 ақпандағы айтулы оқиғалардың бірі университет қабырғасында алғашқы «Alive» экоклубының ашылуы болды. Бұл айналадағы әлемнің тағдырына алаңдайтын және оны жақсарту үшін бірлесе жұмыс істегісі келетін, түпнұсқалы идеяларды, жобаларды және тәжірибелерді жүзеге асыратын белсенді пікірлестердің қауымдастығы.
«Біздің қатарымызға университетіміздегі, облыстағы және жалпы еліміздің экологиялық мәселесіне бей-жай қарамайтын барлық студенттер қосыла алады», – деп атап өтті «Химиялық технология және экология» кафедрасының оқытушысы, «Alive» экоклубының жетекшісі Елена Ситдикова. «Университет ректоры біздің идеямызды толығымен қолдап, жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанына қуаныштымыз».
Экоклубтың ашылу салтанатына теміртаулық эколог, «Отражение» ҚҚ жетекшісі Елена Варганова қатысты. Елена Варганова балалармен және жастармен жұмыс жасау арқылы экологиялық идеяларды іс жүзінде жүзеге асырады. Студенттермен кездесу барысында Елена Варганова оларды тұрақты дамудың негізгі принциптерімен таныстырды, сонымен қатар әртүрлі жобаларды тұрақты жоспарлау бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Сол күні университет фойесінде қоқыстарды бөлек жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатылды. Қағаз, пластик, шыны және металл үшін бөлек жәшіктер қарастырылған. Іс-шараның демеушісі «АМАНАТ» партиясының Теміртау қалалық филиалы болды. Қоқыстарды жинауға және сұрыптауға белсенді қатысқаны үшін студенттерге жеміс-жидек немесе балмұздақ таратылды.
«Біз студенттердің мұндай бастамаларын қуана қолдаймыз», – деп сендірді «Qarmet» АҚ жұмыс істейтін партия мүшелерінің басын біріктіретін «АМАНАТ» партиясы филиалының төрағасы Нұркелді Омарханов. – Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қалай сақтау және өнеркәсіптік аймақтың экологиясына қалай көмектесу мәселесі ерекше өткір. Көріп отырғанымыздай, студент жастар қоршаған ортаны қорғауға әр адам өз үлесін қоса алатынын түсінеді».
«Акция қажет және пайдалы», – деп атап өтті 2 курс студенті Жасмин Тұрғымбаева. – Жер бізге – бір ұрпаққа ғана тиесілі емес, біздің міндетіміз – оны өмір сүруге жарамды күйде сақтау.
Студенттермен амандасып қана қоймай, оларды іс-шараға белсене қатыстырған тентек «Экоша» қуыршағын ерекше атап өтті.
Экологиялық күн дөңгелек үстелмен аяқталды, онда студенттер қайта өңдеу технологиялары, тұтыну мәдениеті және қалдықсыз саясат туралы бүкіл әлем үшін өзекті білімді талқылады. Экологиялық белсенділер өз құрдастарын студенттік жаңа қозғалысқа қосылуға шақырып, өз идеялары мен жобаларын кампуста да, одан тыс жерлерде де жүзеге асыру үшін бөлісті. Әрине, «жасыл» мінез-құлықтың негізгі ережелерін сақтау керек екенін ескертті.
– «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында ҚарИУ ең қарапайым, бірақ тиімді экоәдеттер белсенді түрде насихатталуда, – деді ҚарИУ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Нина Попова. – Мысалы, университет қабырғасында бір рет қолданылатын өнімдерді пайдалану барынша азайтылған. ҚарИУ студенттері, оқытушылары және қызметкерлері күнделікті өмірде көп рет қолданылатын ыдыстарды, асхана мен буфеттерде шыны ыдыстарды, сонымен қатар сусындар (шейкер) үшін көп рет қолданылатын бөтелкелерді пайдаланады. Университеттің оқу корпустарында тегін стационарлық ауыз суды сүзу жүйелері орнатылды. Студенттер мен қызметкерлер университетке экологиялық таза көлікпен жету үшін мерзімді түрде «Велосипед күндеріне» қатысады.
Сонымен қатар, университет студенттері қаладағы іс-шараларға үнемі қатысады, қоқыстарды жинап, аулалар мен саябақтарды ретке келтіріп, ағаш отырғызады. Енді бұл бағыттағы жұмыстар еселенген күшпен жалғасады.