БАЛАЛАР КИНОТЕАТРДА ФИЛЬМДІ ТАМАШАЛАДЫ

Просмотров: 8

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті жанынан құрылған, мемлекеттік қызметшілер қатарынан тұратын «Еріктілер кеңесінің» мүшелері «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Сарыжайлау» кинотеатрында тегін түрде фильм көру мүмкіндігін ұйымдастырды.


Аталған шара «Сарыжайлау» кинотеатры басшылығының қолдауымен өткізілді.
Бұл қайырымдылық шараның барысында балалар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, балаларға арналған фильмді тамашалап қайтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған