Спорт қауымдастығымен кездесу: Конституциялық өзгерістер талқыланды
Қаламызда жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Бұл жолы қалалық коалиция мүшелері қаладағы спорт қауымдастығы өкілдерімен жүздесіп, конституциялық реформаның негізгі бағыттарын және оның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен түсіндірді.
Кездесу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне ықпалы сөз болып, сонымен қатар спорт саласын дамытуға қатысты мүмкіндіктер талқыланды. Спорт инфрақұрылымын жетілдіру, бұқаралық спортты қолдау, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мемлекеттік саясаттың рөлі жайында пікірлер айтылды. Қатысушылар конституциялық өзгерістердің әлеуметтік салаларға, оның ішінде спортқа да серпін беретініне назар аударды.
Жиын ашық форматта өтті. Спорт қауымдастығының өкілдері өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сауалдарын қойып, еркін пікір алмасты. Мұндай кездесулер қоғамның әр саласындағы азаматтардың реформалар мәнін терең түсінуіне және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруына ықпал етеді.

