№10 мектеп ұжымымен Конституциялық өзгерістер талқыланды
Қаламызда Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Бүгін қалалық коалиция мүшелері №10 ЖББМ КММ педагогикалық ұжымымен жүздесіп, конституциялық реформалардың мазмұнын жан-жақты түсіндірді және өзара пікір алмасу алаңын ұйымдастырды.
Кездесу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің мәні, олардың қоғам өміріндегі рөлі және әр азаматтың ел болашағы алдындағы жауапкершілігі кеңінен сөз болды. Әсіресе білім беру саласына қатысты қағидаттар, заң үстемдігі, азаматтық құқықтар мен міндеттер мәселелері талқыланды. Ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, өзекті жайттар ашық әрі конструктивті түрде қарастырылды.
Білім саласының өкілдерімен мұндай форматтағы кездесулер – түсіндіру жұмысының маңызды бағыты. Себебі болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін, қоғамдық құндылықтарды қалыптастыратын ұстаздардың көзқарасы мен азаматтық ұстанымы айрықша мәнге ие. Осындай ашық диалог алаңдары ортақ түсінікті нығайтып, реформалардың мәнін тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.

