Ақтау кентіндегі Спорт сарайында Конституциялық реформа талқыланды

Просмотров: 9

Қаламызда Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесулер жалғасуда. Бүгін қалалық коалиция мүшелері Ақтау кентіндегі Спорт сарайының қызметкерлерімен жүздесіп, конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының мазмұны, алдағы өзгерістердің мәні мен қоғам өміріндегі маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушыларға реформалардың құқықтық жүйені жетілдіруге, басқару сапасын арттыруға және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталғаны жеткізілді.

Ашық диалог форматында өткен жиында қызметкерлер өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Әсіресе азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, қоғамдық бақылауды арттыру және жергілікті деңгейдегі шешім қабылдау үдерістеріне халықтың қатысуын кеңейту мәселелері кеңінен қозғалды.

Мұндай кездесулер қоғам мен түрлі сала өкілдерінің арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, ел болашағына қатысты ортақ ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған