№19 мектеп ұжымымен Конституциялық өзгерістер талқыланды
Қаламызда Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесулер жалғасуда. Бүгін қалалық коалиция мүшелері білім беру саласының өкілдерімен, атап айтқанда КММ №19 жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымымен мазмұнды жүздесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясында ұсынылып отырған өзгерістердің мәні жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе заң үстемдігін нығайту, құқықтық мемлекет қағидаттарын орнықтыру және жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды.
Педагогтармен өткен еркін пікір алмасу барысында құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығы, оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу тетіктері және патриоттық тәрбиені күшейту бағыттары талқыланды. Ұстаздар өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын қойды.
Мұндай кездесулер білім беру саласындағы мамандардың реформалар мазмұнын терең түсінуіне және оны жас ұрпаққа дұрыс жеткізуіне мүмкіндік береді.

