АЭС жөніндегі референдум. Дауыс беруге арналған бюллетень таныстырылды
Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша өткізілетін референдум кезінде дауыс беруге арналған бюллетень таныстырылды, деп хабарлайды 247media.kz
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафинаның айтуынша, сайлаушыларға тек бір сұрақ қойылады.
«Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген. Дауыс берушінің таңдауына екі жауап ұсынылады: » иә, келісемін» және «жоқ, келіспеймін», – деді Сәбила Мұстафина 16 қыркүйекте өткен ОСК отырысында.
Бюллетеньдер қазақ және орыс тілдерінде басылып шығарылады. Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне 12 млн 245 мыңға жуық адам енгізілген. Барлығы 12 млн 367 мың бюллетень дайындалады.