Аймақта су тасқынына дайындық жұмыстары басталды
Қарағанды облысы әкімінің өкімімен 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық үшін инженерлік жұмыстар жоспары бекітілді. Жоспарға 161 іс-шара кіреді. Атап айтар болсақ, өзендерді санациялау, қорғаныс біліктерін орнату және нығайту, құбырлардың су өткізу қабілетін арттыру, су бұру жүйелерін тазарту және т. б. жұмыстар.
Аймақта жұмыстар басталып кетті. Мысалы, Ақтоғай ауданының Сәуле ауылы, Бұқар жырау ауданының Новостройка ауылы, Қарқаралы ауданының Ынталы және Бүркітті ауылдары, Нұра ауданының С. Мыңбаев, Өндіріс ауылы, Шет ауданының Мойынты ауылдары сияқты әртүрлі елді мекендерде 10 шақырымға жуық қорғаныс біліктері тұрғызылып, нығайтылды.
Қарқаралы ауданы Ақшоқы ауылының маңында Көктал өзеніне санация (тазарту) жүргізілді. Осакаров ауданында Қарғала, Сабырқожа және Үлкен Құндыз өзендерінің арналарын санациялау жоспарлануда, осы жобаларға жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленді.
Бірқатар учаскелерде құбырлардың су өткізу қабілеті артты. Бұл жұмыстар Бұқар жырау ауданының Жастілек ауылында, Нұра ауданының Заречное ауылында, Осакаров ауданының Николаевка ауылында, Темірау қаласының Ортас (Карьерная) станциясында, Приозерск қаласында, сондай-ақ Бұқар жырау ауданы мен Қарқаралы аудандарының автожол учаскелерінде жүргізілді.