Қалалық коалиция мүшелері ТЖ басқармасы қызметкерлерімен кездесті

Просмотров: 10

Қаламызда Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Бұл жолы қалалық коалиция өкілдері Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының ұжымымен арнайы жүздесу өткізді.

Кездесу барысында елдегі конституциялық бастамалар жан-жақты таныстырылып, олардың қоғам қауіпсіздігі саласына ықпалы талқыланды. Әсіресе азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру және басқару жүйесінің тиімділігін күшейту мәселелері қозғалды. Төтенше жағдайлар қызметінің қоғамдағы орны мен қауіпсіздік саласындағы жауапкершілігі аясында реформалардың маңызы атап өтілді.

Жиын еркін форматта өтті. Қызметкерлер өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейдегі сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Ашық диалог алаңы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Өз сөзінде Арман Әбілқасымов Конституция – мемлекеттің берік құқықтық тірегі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер қоғамның бүгінгі сұранысына жауап беріп, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға және азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған. «Референдумға қатысу – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын білдіретін маңызды қадам. Бұл – тек таңдау жасау емес, мемлекет тағдырына ортақ жауапкершілік алу», – деді ол.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған