Қарағанды мен Қарқаралы арасындағы автожол әбден тозды

By admin Июн 2, 2022

Қарағанды мен Қарқаралы қаласының арасын жалғаған күре жол әбден тозды. Әсіресе 40 шақырымы шұрық-тесікке айналып, Матақ пен Көктас ауылдарының тұсында жол апаты жиілеген. Ол аздай, кен тасыған жүк көліктері онсыз да жұқарған асфальт жабындысын одан сайын езіп жатыр екен. Бұл туралы «Хабар» арнасы хабарлады.,

Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тасжолы осыдан тура 60 жыл бұрын салынған. Содан бері Қарағанды облысына тиесілі 303 шақырымы бірде-бір рет күрделі жөнделмепті.

«Шұрық-тесік жолмен қалаға жету қиямет қайым», – ­дейді жүргізушілер.

Жол бойындағы ондаған елді мекеннің жұрты бұл мәселені талай жылдан бері қозғап келеді. Биыл әйтеуір сең қозғалды. «Нұрлы жол» бағдарламасымен күре жол қайта салынатын болды. Жуырда жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, 2024 жылы құрылыс басталмақ.

Сырым Хамзин, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ҚОФ директоры:

— Қазіргі жай-күйі 3-ші техникалық санат, жабындысының ені 7 метр асфальт-бетон. Екінші техникалық санатта 9,25-ке дейін кеңейтіледі. Қайта жаңартудың арқасында ұзындық бөлік, еңістікке барлық түзету енгізіледі, қауіпсіздік жағынан көп қарастырылатын болады.

Ал құрылыс аяқталғанша тұрғындарға осы жолмен қатынай тұруға тура келеді. Жауапты мамандардың айтуынша, биыл көктемде 800 шаршы метрі жөнделіп, ойылған жерлері бітеледі екен. Ескірген жол белгілері ауыстырылады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *