Қарағанды облысында 161 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Просмотров: 4

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару жалғасуда. Осы жылға қойылған жоспар орындалды. Кейбір жағдайларда жер пайдаланушылар учаскелерді игеруге кірісті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында хабарланғандай жыл басынан бері өңірде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мемлекетке 161 064 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті белгілеген жоспар 23,9%-ға асыра орындалды.

Өңірдің жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Ведомствоның мәліметінше, жер пайдаланушылар 11,5 мың га игеруге кірісті. Заңсыз берілген 4050 га жерді жалдау шарты жойылды, сот шешімі бойынша 12 мың га мәжбүрлеп тәркіленді. Соттарда тағы 6 335 га қатысты іс қаралуда.

«Бұдан басқа, 94,3 мың га өз еркімен, ал 46,7 мың га жалдау шартының мерзімінің аяқталуына байланысты қайтарылды», – делінген хабарламада.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған