Қарағанды саябақтарында тегін Wi-Fi орнатылады

Просмотров: 2

Қарағандыда тұрғындар үшін қолайлы қалалық орта құру бойынша жұмыстар жалғасуда. Саябақтарда Тегін Wi-Fi орнату жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындармен кездесуде айтты.

– Біздің жаһандық мақсатымыз – Қарағандыны жаяу серуендеуге ыңғайлы ету. Бұл ретте бізге өз ұсыныстарын жасап, жобаларын әзірлеп жатқан урбанистер көмектеседі. Биыл жеті алаң абаттандырылды. Оңтүстік-Шығыстағы Сарыарқа гүлзарын абаттандыру бойынша ірі жобаға ерекше назар аударамыз. Жұмыс әлі аяқталған жоқ, келесі жылы бұл алаң қала тұрғындары үшін жаңа тарту нүктесі болуы керек, – деді аймақ басшысы.

Ермағанбет Бөлекпаев қала әкімдігіне барлық аудандардың скверлері мен саябақтарында қысқы демалыс ұйымдастыруды тапсырды. Егер ауа-райы рұқсат етсе, жеті мұз айдыны құйылады. Сарыарқа көшесіндегі саябақта мұз айдындары мен сырғанақтар пайда болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған