Қарағандылық спортшы пара жүзуден әлемдік серияда екі алтын медаль жеңіп алды
Қарағандылық спортшы, 48 жастағы Наталья Звягинцева пара жүзуден әлемдік серияда екі алтын және бір күміс жеңіп алды. Египет астанасы Каирде бірнеше елден 85-жүзуші бақ сынасты.
Наталья Звягинцева Қазақстан құрамасының құрамында өнер көрсетті. Ол алғашқы екі орынды 200 метрге кешенді жүзуде және жүз метрлікті арқамен жүзуде алды. Ал 400 метрге еркін жүзуде ол күміс жүлдені еншіледі.
Наталья Звягинцева – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, І топтағы мүгедек. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық турнирлердің, Дүниежүзілік ойындардың жеңімпазы. Екі дүркін әлем чемпионы, Әлем кубогы мен Азия ойындарының жүлдегері.
Спортшының тәлімгері – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Наталья Манохина.