«Асылхан бәрін у-шу қылды». АҚШ-тағы қазақстандық боксшының жекпе-жегі үлкен дау туғызды

Просмотров: 17
World Boxing ұйымы жалауымен АҚШ-та бокстан алғаш рет өткізілген Әлем чемпионатында қазақстандық жас боксшы Асылхан Көшербайдың алғашқы жекпе-жегі үлкен дау туғызды. Өйткені оған тиесілі айқын жеңіc асвстралиялық Купер Макконнелге бұйырды, деп хабарлайды 247media.kz

19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы финалда 65 келіге дейінгі салмақта Көшербай Макконнелді екі рет нокдаунға жіберді. Бірінші және екінші раундта. Австралиялық әбден шаршап, финалдық жекпе-жектің соңына әрең шыдады. Жерлесіміздің осындай айқын жеңісіне ешкім күмән келтірмеп еді, алайда төрешілердің шешімі басқалай болып шықты, деп жазады sport.kz.

Жеңіс 3:2 есебімен австралиялық боксшыға берілді. Осылайша Асылхан Көшербай күміс медаль иеленді.

Жанкүйерлер де, сарапшылар қауымы да төрешілердің бұл шешіміне наразы болып, көрермендер у-шу болды. Әлеуметтік желіде Көшербайға қолдау білдіріп, төрешілердің әділдігіне күмән келтірді.

  • «Еңбек сенікі, жеңіс оныкі» деп ашына жазды желідегілер мысқылдап.
  • «Головкин ағамыз қайда қарап отыр» деп үдере түрегелгендер де болды;
  • «Не мазақ мынау, осыны да жекпе-жек дейді ме»;
  • «World Boxing-тің арты ашылды, IBA-ны «анау-мынау» деуші еді, енді өздеріне қара».Айта кетсек, Қазақстандық үш боксшы Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған