Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады

Просмотров: 46
22-23 тамыз күндері Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды 247media.kz

Бұл туралы 2024 жылдың 19 тамызында Ақорда хабарлады.

Белгілі болғандай сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған