Қазақстанда санақ жүргізу ережесі бекітілді

Просмотров: 18
Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі бұйрығымен адамдарды интервьюер ретінде тарту және жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар жүргізу кезінде олардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды 247media.kz

Қағидалар бастапқы статистикалық деректерді алу мақсатында адамдарды интервьюерлер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру және Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар жүргізуі рәсімдерінің жиынтығын айқындайды.

Байқаулар аумақтық бөлімшелер жүргізетін кездейсоқ таңдау әдісімен іріктелген респонденттердің және (немесе) үй шаруашылықтарының ерікті қатысу қағидаттарына негізделеді.

Респонденттерден және (немесе) үй шаруашылықтарынан алғашқы статистикалық деректерді жинау статистикалық нысандарды өз бетінше толтыру және (немесе) арнайы дайындалған интервьюерлердің сауал салуы әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Байқауларда алғашқы статистикалық деректерді жинауды автоматтандыру мақсатында компьютерлендірілген жеке сауал салу жүйесі, ұлттық санақтарды өткізуден басқа жағдайларда пайдаланылады.

КЖСЖ пайдалана отырып байқау респонденттерге және (немесе) үй шаруашылықтарына сауал салу және мәліметтерді портативті есептеуіш құрылғыға электронды түрде енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Адамдарды интервьюерлер ретінде тарту тәртібі

Аумақтық бөлімшелерде байқау жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

  • аумақтық бөлімшенің интернет-ресурсына интервьюерлердің бос орындарын жариялау;
  • интервьюердің бос орнына орналасуға тілек білдірген адамдардан өтінімдер қабылдау;
  • аумақтық бөлімшелердің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің қатарынан байқаулар жүргізу кезінде интервьюерлер ретінде адамдарды іріктеу үшін арнайы комиссия құру. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы және үш адамнан кем болмауы керек;
  • комиссияның адамдардың өтінімдерін білімін есепке алумен (жоғары немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім немесе жалпы орта білім) жұмыс өтілі бойынша талаптарды ұсынусыз қарауы;
  • комиссияның интервьюердің бос орнына орналасуға тілек білдірген үміткерлермен әңгімелесу өткізуі;
  • интервьюер ретінде көпшілік даусымен комиссияның оң шешімін алған адамдармен өтеулі қызмет көрсету шартын жасау. Облыс орталығынан шалғай елді мекеннен интервьюердің бос орнына орналасуға тілек білдірген адамдардан өтінімдер түскен жағдайда комиссия аумақтық статистиканың тиісті қалалық немесе аудандық бөлімшесінде қашықтықтан режимінде әңгімелесу өткізеді (бейнеконференция байланысы арқылы, ол болмаған жағдайда телефон арқылы тілдесу жолымен).

Интервьюердің негізгі функцияларына мыналар жатады:

  • мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, статистикалық нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды және байқауларды жүргізуді регламенттейтін әдістемелік құжаттарды сақтау;
  • байқауларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша оқудан өту;
  • арнайы нұсқамадан өту, байқауды ұйымдастыру мен жүргізудің барлық мәселелері бойынша ақпаратты зерделеу;
  • байқауды осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес интервьюердің куәлігін көрсете отырып, респондентке және (немесе) үй шаруашылығына бару арқылы жүргізу;
  • супервайзер дайындаған тізімге сәйкес респонденттің және (немесе) үй шаруашылығының мекенжайларын сәйкестендіру (анықтау);
  • тұрмыс деңгейі статистикасы байқауын қоспағанда, осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес байқау туралы бағдар парағын жүргізу;
  • респонденттерге және (немесе) үй шаруашылықтарына ақпараттық парақты тарату;
  • респонденттер және (немесе) үй шаруашылықтары арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын байқаудың мақсаты туралы хабардар етуді қоса алғанда, оларды байқауға тарту мақсатында жүргізу;
  • статистиканың салалары бойынша статистикалық әдіснамаға сәйкес бару күнін белгілеу (қажет болған жағдайда бару күнін респондентпен және (немесе) үй шаруашылығымен келісім бойынша интервьюер белгілейді);
  • респондентпен және (немесе) үй шаруашылығымен байланыс орнату және сауал салуға келісім алу;
  • жұмыста планшетті, аудио техниканы пайдалана отырып байқауды жүргізу кезінде сауал салуды жедел, сапалы жүргізу;
  • респонденттерге және (немесе) үй шаруашылықтарының сұрақтарына жауапты қоса алғанда респонденттерге және (немесе) үй шаруашылықтарына консультациялық көмек көрсету;
  • респонденттерден және (немесе) үй шаруашылықтарынан алынған ақпаратқа арифметикалық-логикалық бақылауды жүргізу, деректерді кодтауды жүзеге асыру;
  • қателер анықталған жағдайда, респонденттерге және (немесе) үй шаруашылықтарына қажетті деректерді нақтылау үшін қосымша бару және бару нәтижелері туралы супервайзерге хабарлау;
  • аумақтық бөлімшеге байқау нәтижелері бойынша толтырылған статистикалық нысанды уақтылы ұсыну;
  • тұрмыс деңгейі статистикасы байқауын қоспағанда, осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес сауал салуды жүргізу туралы есеп бланкісін жасау.Интервьюердің жұмысының сапасын бақылауды және тексеруді супервайзер және (немесе) нұсқаушы-бақылаушы іріктеп қоңырау шалу жолымен және (немесе) респонденттерді және (немесе) үй шаруашылықтарын аралау арқылы жүзеге асырады.

    Бір супервайзер және (немесе) нұсқаушы-бақылаушы ең көбі алты интервьюердің жұмысын қадағалайды.

    Интервьюер жұмысының тиімділігі келесі параметрлер бойынша бағаланады:

    • интервьюердің аумақтық бөлімшеге қағаз және (немесе) электрондық түрдегі бастапқы статистикалық деректерді уақтылы жеткізуі;
    • респонденттен және (немесе) үй шаруашылығынан алынған алғашқы статистикалық деректердің толықтығы және анықтығы;
    • байқауды сапалы жүргізу, есептік құжаттаманы дайындау кезінде қателердің болмауы;
    • байқауды респонденттерді және (немесе) үй шаруашылықтарын толық қамти отырып жүргізу.

    Интервьюердің сауал салу барысында алған деректері алғашқы статистикалық деректер болып табылады және олардың құпиялылығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.

    Интервьюер шарт жасасу кезінде алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын, сондай-ақ респондентке және (немесе) үй шаруашылығына бару кезінде алынған сауал салынған адамдар туралы басқа да мәліметтерді сақтауға кепілдік береді.

    Интервьюер респондентке және (немесе) үй шаруашылығына алынған ақпараттың құпиялылығына аумақтық бөлімшемен және өзімен кепілдік берілетіні және жиынтық(жинақ) түрінде ғана пайдаланылатынын хабарлайды.

    Интервьюерлер толтырған статистикалық нысандар байқауды ұйымдастыратын супервайзерлерге беріледі.

    Алынған алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында толтырылған статистикалық нысандар аумақтық бөлімшенің арнайы жабдықталған үй-жайында және (немесе) «е-Статистика» ИАЖ дерекқорында сақталады.

    Сондай-ақ, ережелер статистика салалары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу ерекшеліктерін көздейді.

    Бұйрық 2024 жылғы 7 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған