Қазақстанда TikTok бұғаттала ма?

Просмотров: 31
Бұл сұраққа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жауап берді, – деп хабарлайды  247media.kz
Министрдің айтуынша, бұғаттау жөніндегі функция заң бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзіретінде.

«Қазақстанда TikTok-ты бүтіндей бұғаттау бойынша бүгіндері менің қолымда қандай да бір ақпарат жоқ», – деді министр.

Осы ретте Мәдиев қолданыстағы алгоритмді түсіндіріп берді.

«Егер платформа заңды бұзбаса, оны Мәдениет және ақпарат министрлігі үнемі қадағалап отырса, несі айып? Ал заңды бұзатын контент анықталса, яғни оның байланыс нөмірі анықталады. Контентті бұғаттауға немесе жоюға өтініш беру үшін тікелей және жылдам байланыс желілері бар. Интернет-платформалар бұл контентті бірден қарап, талдайды, яғни олар контент модернизациясымен айналысады. Заңнаманы анық бұзған жағдайда, онда заң аясында мәселелері қаралады», – деп толықтырды сөзін ЦДИАӨМ басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған